Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Бала тәрбиесіндегі негізгі 10 қателік. 1-бөлім

Алайда әр ата-ананы тығырыққа тірейтін жағдайлар болады.

Немесе ересектер өздерінің радикалды білім беру әдістерін пайдалана отырып, оларды кейінірек ұятқа қалдыратын жағдайға келуі мүмкін.

Заман ағымына байланысты тез өзгеріп жатқан қоғамда адамдар арасындағы қарым-қатынас ерекше орында. Бүгінгі бала, ертеңгі қоғамның толыққанды мүшесі болуы үшін бала тәрбиелеу барысында төменгі он қателікті жібермеу аса маңызды.

Алғашқы қате – мен сені енді жақсы көрмеймін деп қорқыту

«Айтқанымды істемесең, мен сені жақсы көрмеймін»

Ата-ананың ойы: Неге балалар айтқан тілді тез ала салмайды? Мүмкін, олар бізге әдейі істетйтін шығар? Ашық әңгімеге шақыру керек пе? Олар ересектердің айтқандарын естімейді. Немесе қорқыту керек пе? Ал егер ол көмектеспесе ше? Осындай сәттерде көптеген аналардың айтатыны, мен енді сені жақсы көрмейтін боламын.

Психолог ойы: Бұлай қорқыту әрине, сөзсіз әсер етеді, алайда бұл қорқыту ешқашан орындалмайтыны белгілі. Және балалар өтірікті сезеді және сіздің өтірігіңізді көрген балаға сізге ары қарай да сену қиын болады. Дұрысы –

Екінші үлкен қателік – енжарлық

«Ойыңа келгенін істе»

Ата-ананың ойы: Басты қатырып не керек? Ұрысу, балаға бір нәрсені дәлелдеу, жүйкені құрту? Бала өз проблемаларын шешуге үйренуі керек. Жалпы алғанда, бала ересек өмірге дайын болу керек, ол тәуелсіз болу керек.

Психолог ойы: Ешқашан балаға немқұрайдылық танытпаңыз. Сіздің тарапыңыздан қызығушылық көрмеген бала, ол қаншалықты рас екенін тексере бастайды. Баланың тексеруі әр-түрлі жағымсыз іс-әрекеттер жасаудан тұруы ықтималдылығы жоғары. Баламен әрқашан достық қарым-қатынас орнатуға тырысу керек, әсіресе егер сізге балаңыздың іс-әрекеттері ұнамайтын болса. Дұрысы балаға, маған сенің бұлай ісегенің ұнамайды, мен саған осы мәселені шешуге көмектессем қалай қарайсың деген абзал.

Үшінші қателік – өте көп қаталдық

«Бұл үйде менің айтқаным заң»

Ата-аналардың пікірі: Балалар үлкендердің айтқанын әрқашан тыңдау керек, бала қай жаста болса да үлкендердің айтқаны заң, бұл бала тәрбиесіндегі әң басты мәселе. Егер сәл босаңсытсаң басыңа шығып кетуі мүмкін.

Психолог ойы: Балалар міндетті түрде әр ісінің мақсатын білуі керек, ол осы істі не үшін істеп жатыр, басты мақсат неде екенін анық түсінуі керек. Баланы қатты қатаңдықта тәрбиелеу баланың болашақта өз ойын білдіруіне қиындықтар әкелуі мүмкін. Дұрысы балаға, қазір сен менің айтқанымды істе, кешкісін не үшін осылай істегенімізді талқылаймыз деген абзал.

Төртінші қателік – балаларды еркелету керек

«Өзім істей салайын. Менің балам әлі кішкентай»

Ата-ананың ойы: Ол әлі бала ғой, және балалар барлық жақсылықтарға лайықты, балалық шақ тез өтеді. Балаларды барлық қиыншылықтардан құтқару біздің қолымызда. Балаларды қуанту, барлық тілектерін орындау барлық ата-анаға қуаныш сезімін алып келетіні сөзсіз.

Психолог ойы: Қатты еркелеген балалардың өмірінде қиындықтар көптеп кездеседі. Баланы ата-ана махаббатының қақпағы астында ұстай алмайсыз, болашақта бұл көптеген қиындықтарға әкелуі мүмкін. Егер ата-ана баласының алдынан барлық қиындықтарды алып тастаса бала одан өзін бақыттырақ сезінбейді. Бұдан бала өзін тек жалғыз және қорғансыз сезінуі мүмкін. Дұрысы, сенің қолыңнан келеді деп жігерлендіру, немесе егер жасай алмасаң екеуміз міндетті түрде шешімін табамыз деп, балаға көмектесу.

Бесінші қателік – жүктелген рөл

«Менің балам – менің ең жақын досым»

Ата-ананың ойы: менің балам сондай ақылды, ол мені толықтай түсінеді. Онымен барлық тақырыпта сөйлесуге болады, ол үлкен адам сияқты.

Психолог ойы: Балалар ата-аналарын қанағаттандыру үшін бәрін жасауға дайын, себебі ата-анасы олар үшін әлемдегі ең маңызды адамдар болып табылады. Балалар өздерінің құрдастарымен өздерінің мүдделерін талқылаудың орнына ересек мәселелерінің күрделі әлеміне түсуге дайын. Бірақ олардың проблемалары шешілмей қала береді.

0
0
1561

Осы тақырып бойынша

Бала тәрбиесіндегі негізгі 10 қателік. 1-бөлім - Yvision.kz