Бала тәрбиесіндегі негізгі 10 қателік. 2-бөлім
Алтыншы қателік – ақша мәселесі
«Ақша көп берген сайын бала тәрбиелірек болады»
Ата-ана ойы: Бізде қаражат тым аз, сондықтан біз баланы еркелете алмаймыз, біз бәрінен бас тартуға мәжбүрміз, баламыз ескі заттарды киіп жатыр және т.б. Бір сөзбен айтқанда, егер бізде көп ақша болса, біз жақсы ата-ана болар едік.
Психолог ойы: Махаббатты ақшаға сатып ала алмайсыз. Кішкентай, табысы төмен отбасыларда ересектер баланың ештеңеге мұқтаж болмай өсуі үшін бәрін жасайды. Бірақ сіз баланың барлық тілектерін орындауға қабілетсіз болғаныңыз үшін өкінбеуіңіз керек. Негізінен бала үшін ең маңыздысы сіздің уақытыңыз, махаббатыңыз, бірге ойнаған ойындарыңыз.
Жетінші қателік – өте үлкен мақсаттар
«Менің балам музыкамен (тенниспен, шахматпен, жүзумен, ...) айналысатын болады»
Ата-ананың ойы: Көптеген ата-аналар бала күндері өздері әртүрлі секцияларға қатысқылары келген. Енді қазіргі мақсат, балаларын сол ұйымдарға апару, қатыстыру. Және бала оған барғысы келеді ма, келмейді ма маңызды емес.
Психолог ойы: өкінішке орай, балалар ата-аналардың еңбектерін бағалай бермейді. Баланың қызығушылығын таппаған ата-ананың тамаша жоспарлары орындалмай жатады. Бала кішкентай кезінде ата-ананың барлық айтқанын орындайтын болса, уақыт өте ата-анаға деген қарсылық әртүрлі жолмен шығуы мүмкін. Баланың бос уақытын пайдалы іспен толтыруда, баланың қызығушылығын ескеріп, бос уақыт қалдыруды да ұмытпаңыз.
Сегізінші қателік – тым аз сүйіспеншілік
«Баланың маңдайынан иіскеп, сүйіспеншілік таныту бала үшін маңызды емес»
Ата-ананың ойы: Көптеген ересектер балалық шақтағы сүйіспеншілік болашақта жыныстық бағдардағы проблемаларға алып келетініне сенеді. Қысқасы, ешқандай құшақтар пен сүйісулердің қажеті жоқ және одан да маңызды нәрселер бар.
Психолог ойы: Кез келген жастағы балалар сүйіспеншілік сезінгісі келеді, ол арылы өздерін жақсы сезінеді және өздерінің қабілеттеріне сенімдірек болады. Бірақ есіңізде болсын, көп нәрсеге үйренуге деген ниет әлі баланың өзінен келуі керек. Балаларға деген сүйіспеншілігіңізді белсенді түрде көрсете бермеңіз - ол оларды алшақтатуы мүмкін.
Тоғызыншы қателік – сіздің көңіл-күйіңіз
«Бәрі көңіл-күйден тәуелді, көңіл-күйім жақсы болса, барамыз (аламыз, жасаймыз, ...)»
Ата-ананың ойы: Жұмыстағы сәтсіздіктер, отбасындағы келеңсіз оқиғалар, осылардың салдарынан ата-аналар барлық ашуларын балаларынан алып жататын жағдайлар көп, және онда тұрған ешнәрсе жоқ, ренжіген балаға ойыншық алып бере салу жеткілікті.
Психолог ойы: Ата-аналар балаларына олардың жақсы іс-әрекеттеріне риза болып, жаман іс-әрекеттері ренжітетінін көрсетуі керек. Бұл балалардың өмір құндылықтарын қалыптастырады. Үлкендер барлығын өз көңіл-күйлеріне қарай істесе, балалар мен не істесем де ең бастысы анамның көңіл-күйі.
Оныншы қателік – бала тәрбиесіне уақыт тым аз
«Менің уақытым жоқ»
Ата-ананың ойы: Көптеген ересектер көп уақытын жұмыста өткізеді, бірақ әр минут сайын өз балаларымен бірге жұмыс істеуге тырысады: оларды балабақша мен мектепке алып барады, оларды дайындайды, оларды жуындырады, қажет нәрселерін сатып алады. Балалар өздері ата-аналардың ойнауға және олармен болуға уақыты жоқ екенін түсінуі керек.
Психолог ойы: Көп жағдайда ата-аналар қаапйым шындықты ұмытады, балаға өмір сыйлауға уақыт тапқан ата-ана, баланың өзіне де уақыт табу керек. Өзінің ата-анасының назарын аудара алмаған бала, бөтен адамдар арасынан жақын адамдар іздейді. Сізде мүлде уақыт болмаса да, балаңызға уақыт табыңыз. Жатар алдында кітап оқып беріңіз, ертегі айтыңыз, онымен сөйлесіңіз.
