«Бір түнде 400 адам жұмыстан босатылды». «Абу Даби Плаза» айналасындағы үлкен дау
Астанадағы Абу-Даби Плаза құрылысының айналасында үлкен дау туындады - шамамен 400 қызметкер компания басшылығына шағымдарын білдірді, олар бір түнде ақшалай өтемақыcыз, заңсыз жұмыстан шығарылғанын айтады. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айталған.
Құрылысшылардың айтуынша, олар ешқандай хабарландырулар алмаған, жұмысқа келгенде ғана қысқарту туралы естіген, және олардың есімдері қызметкерлер тізімінен алынып тасталынған.
«Біздің арамызда заңнаманы білмейтін жұмысшылар көп, басшылар соны пайдаланады және оларды алдайды. Бір-бірлеп кеңсеге шақырып, «Көп ұзамай жұмысқа адамдар шақырамыз, сосын сізді қайта шақыратын боламыз, қазір осы жерге қол қойыңыз», - дейді. Біз барлығымыз «Казинжиниринг», «Мониторинг», «ЭКСПО», «Казстрой» сияқты төрт қазақстандық компанияда жұмыс істедік», - деді Мұхтар Қалдыбек.
«Олар кеңседе өз қалаулары бойынша жұмыстан кету туралы құжаттарды дайындап бізді қол қоюға шақырды. Олар бізді ештеңесіз кетуге мәжбүрлеуде, мен келіспейтінімді айтып, қол қоймаймын дедім. Онда статьямен шығарамыз деді. Мен қорықпаймын, мен ешнәрсе істеген жоқпын. Мен бұны жай қалдармаймын. Менің отбасым, бала-шағам, кредиттерім бар. Олар бізді көшеге мал сияқты шығарып тастамақшы. Осындай суықта біз қайда барамыз? Не істейміз?», - дейді ашынған Мақсат Ахметов.
Олар арыздарын қалалық прокуратураға, полицияға және «Нұр Отан» партиясының филиалына білдірді. «Нұр Отан» партиясының филиалы бұл жағдайды бірінші кезекте шешетіндігін айтты.
«Біз осы ұйымдардың бас мердігерлерін, мердігерлерін, әкімшіліктен әріптестерімізді шақырып осы мәселені қайта қарайтын боламыз. Егер сіздерді негізсіз арыз жазуға итермелесе бәрі заңды түрде, белгіленген талап бойынша болу керек», - деп түсіндірді «Нұр Отан» партиясы Астана филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев.
Өз кезегінде, құрылыс компаниялары басшылығы бұрынғы қызметкерлермен сөйлесуге шықпады. Телевизиялық камераларды көрген күзетшілер жиналғандардың ешқайсысын ішке кіргізбей, кетулерін сұрады.
