Мазмұнға өту
Обложка сообщества История

Дандайсуға жөніміз бар, немесе Бүткіл дүние - түріктердің мекені

Қазір бүкіл әлем қызықтап көріп жатқан викинглер (скандинав тілдерінде де көптік түрі – vikinger) туралы америка және еуропа сериалдарында жаугер теңіз көшпелілерін Британ аралдарының момын жұртшылығы – «ДАН» дейді. Жалпы, бұл этнониммен (елесіммен) осы күнгі Дат (Дан) түбегінің тұрғындарын байырғыдан атайды. Еуропа ғалымдары бұл атауды Один Құдайы патшаның дүдәмал ұлы Данға әкеп тірейді.

Бұл амалсыздан туған жансақ пікірге ұқсайды. Біріншіден, скандинав деректерінде Одиннің бұндай ұлы болғаны туралы деректер жоқ, екіншіден орыс тілтанушы ғалымы профессор Ю. Н. Дроздовтың айтуы бойынша «көне еуропалық этнонимиясында (елесімдерді зерттейтін ілімде) бұндай патроним (атадан тараған есім) Еуропада мүлдем кездеспейді». Дроздовтың тұжырымы мынадай: 1. Дан – көне түркі сөзі, 2. грамматикалық пормысы бойынша бұл елесім емес, себебі оның тайпалық маркері (белгісі) жоқ, 3. көне түрік лұғатында бұл сын есім - «знаменитый» (данқы шыққан, атақты), «знатный» (текті, атасы асыл) деген мағынада пайдаланған».

(Ю.Н. Дроздов. Тюрскоязычный период европейской истории. – Еуропа тарихының түріктілді кезеңі. М. 2011 ж.)

Кереметі, қазіргі қазақ тілінде де «дан» бәз қалпында сақталған. «Дандай болмашы», «дандайсымашы» дегенді кім естімеді, не өзі айытпады?!

Дандайсуға жөніміз бар. Ата бабаларымыз, Құлтегін жазуында кездесетін «Ас» тайпалары (скандинав жыр-сағаларында Один Құдайдың елі) Алтайдан Қара теңізді қақ жарып Еуропаның солтүстігін басып алғаны туралы деректер тілдік дәйектемелермен шынасып жатыр.

Жалпы, Еуропадағы викинглердің түркілік тегі туралы әйгілі норвег ғалымы Тур Хейердал өзінің «I fotsporene til Odin» - «Одиннің ізімен» (орысшасы «В погоне за Одином») атты кітабында дәлелдеген, бірақ бұны Еуропа ғалымдары көп мойындамай отыр...

Бүкіл дүние – түркілердің мекені.

ПыСы. Швед тарихнамасында 18 ғасырдан, даңқты Свен Лагербринг - Svensk historias fader - Швед тарихының көкесі - заманынан бері "Бури - Бөрінің немересі Один-Вотанның құзғындар мен қасқырлардың қоршауындағы көп қабатты бейнесі", жалпы түріктер мен викингтердің байланысы туралы оқтын-оқтын айтылып келе жатыр. Қазіргі түрік тарих ғылымы мен тіл білімінде түркілер мен Одиннен кейінгі викингтердің байланысы туралы көп айтылып жатыр / "Vikinglerin türklüğü", Şükrü Büyükışıklar; «Alpler ve Elfler: Türk ve İskandinav Dünyalarında Kahramanlık Olgusu», Osman Karatay, және т.б.). Біздің бәлшебек тұқымды тарихшылар бұндай тақырыпты келеке етіп, орыс тарихшылардың малтасын әлі езіп отыр...

-1
0
562

Осы тақырып бойынша

Дандайсуға жөніміз бар, немесе Бүткіл дүние - түріктердің мекені - Yvision.kz