Дубайды топан су басты
Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында қатты жауған жаңбыр тасқынға ұласты. 
Ғимараттар мен үйлерден бөлек, халықаралық әуежайды да су басты.
Трассалар жабылып, әуежай уақытша жұмысын тоқтатты. Мектептер мен мемлекеттік мекемелер онлайн режимге көшті. Сондай-ақ барлық футбол матчтарының уақыты да кейінге шегерілген.
Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері де БАӘ-де толассыз жауын-шашын болуы мүмкін. Сондықтан тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берілді.
@qazaqstantv
