Энергетик Асқар Қасымов: Қазақстандағы АЭС жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университетінде физика және химия ғылымдары зерттеу мектебінің деканы Асқар Қасымов Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізудің экономикалық-әлеуметтік тиімділігі турасында маңғыстаулық жұртшылықпен пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
- Болашақ АЭС-те 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтылады. Қазақстан университеттерінде ядролық физика, ядролық энергетика бойынша кадрлар дайындалып жатыр. АЭС құрылысы 10 жылдай уақыт алатындықтан, қажетті кадрлар үшін арнайы оқу бағдарламалары әзірленіп, оқытылады. Сондықтан, кадр тапшылығы болмайды деп ойлаймын, - дейді Асқар Қасымов.
Оның айтуынша, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін отандық энергетикалық құрылымды әртараптандыру маңызды.
«Озық технологиялар АЭС-те жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді. Атом қуатын игеріп, еліміздің энергетикасын дамыту қажет деп ойлаймын», - дейді Асқар Қасымов.

