Ер-азаматтар қауымын 23-ақпан мерекесімен қалай құттықтауға болады?
Әйелді қадірлеп, түсіне білетін, сүйе білетін, кішкене кемшілігін кешіре білетін, жүрегі кең, жаны жомарт ер-азаматтарымыз аман болсын! *****
Тағдыр мынау бір сүріну, бір құлау, Өзі-ақ салар мойыныңа қыл бұрау. Шала берме аяғынан еркектің, Еркек деген құдірет қой құрбым-ау.
*****
Еркек деген нәзіктікке жақын ел, Тек оларға бірақ нәрсе ақыл ем. Банка қойғын тырысса егер арқасы, Бас тырысса әкеп бергін похмель.
Отбасында болсын десең дұрыс хал, Ашуланба долданбағын дұрыстал. Еркек деген қанша мықты десек те, Бір-ақ рет морт кететін хрусталь.
*****
Еркектерді аялау да, әлпештеу де ерсі емес, Өйткені ол келіп-кетер құдаң емес, көрші емес. Еркек деген қара табан, қара жаяу жүрсе де, Еркек деген шестисотый мерседес.
*****
Аялап аға жүрер қарындас деп,
Жаным деп, айналайын, қарлығаш деп.
Інің жүрер әпкетай жылама деп,
Сырласар өзіңменен жаныңа кеп.
Өскенде гүлдей жайнап, бағың жанар,
Адал ер - бақыт құстай қолға қонар,
Жаныңда қадірлі нағыз ерің болса,
Көңілің інжу-маржан сөзге толар.
Жігіттер, жүректерің таза болсын,
Жолдарың биік-шыңға ашық болсын.
Егіз бір қозыдай боп бақ-дәулетің,
Өмірің толысқан бір бақыт болсын.
*****
Ер азаматтың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан да халқымыз «жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған. Ал ақын Мұхтар Шаханов:
...Жердің аман тұрғандығы,
Сол намысқой еркектердің арқасы....
немесе
...Қайғы келсе жеңілмейтін,
Бақыт келсе, семірмейтін,
Ер мінезін қадірлейтін,
Еркектердің даңқы артсын! – деп жырға қосқан.
www.ZHARAR.com
