Франция туралы сіз білмеген 11 дерек
1. Францияда тұрғын үй – үлкен мәселе. Пәтерді жалға алу шетелдіктер былай тұрсын, тіпті француздардың өздеріне де қиын: хабарландыру жарияланғаннан кейінгі жарты сағат ішінде жалға қойылған пәтер үшін үлкен кезек пайда болады. Пәтерді көру үшін адамдар өздерінің түйіндеме, фотосурет және портфолиоларымен келеді, себебі адамның қанша жалақы алатыны маңызды емес: тұрғын үйдің иенсіне расымен де ұнау керек.
Бір қабатта ортақ дәретханасы бар 9 метрлік пәтер – қалыпты жағдай, оған қоса мұндай пәтер айтарлықтай қымбат тұрады. Кейде 25-30 метрлік пәтерлер француздарға тым үлкен болып көрінетіндіктен, француздар Францияда жасайтын адамдардың көзбен өлшеу қабілеті бұзылған деп әзілдейді. Ал үйде кір жуғыш мәшине болатын болса – ол тіпті молшылықтың белгісі. Францияда тұрғындар киімдерін қоғамдық кір жуу орындарында тазалайды.
2. Француздардың негізгі тағамы – багет, қыша және жамбон. Франциядағы ең танымал әрі классикалық түскі ас – бұл жамбон және сары май қосылған бір үлкен сандвич, киш лорен немесе крок-мүсе. Француздардың өздері кишті "франциялық пицца" деп атайды, ал оны жиі салқындатқыштағы қалдықтардан даярлайды.
3. Көптеген француздар үшін гастрономия және аспаздық үлкен маңызға ие. Кейде жұмыс күнінде кешкі асты дайындау, оған жарайтын шарап және дижестиф таңдау, дастарқан жаю, тәрелкелердің түсіне сәйкес майлық таңдау тағамдануның өзінен де көп уақытты алады. Француздар асықпай, тағамның әр бір бөлінен ләззат алып тамақтанады.
4. Францияда үйлерді жылыту өте қымбат. Ақшаларын үнемдеу үшін көптеген француздар пәтерлерін мүлдем жылытпайды немесе 14–15 °C аралығындағы температураны ұстайды. Егер Қазақстанда үйіңізде жеңіл киіммен жүрсеңіз, мұнда одан бас тартуға тура келеді: кейде ғимараттың ішіне қарағанда далада жылырақ болады.
5. Бюрократия Францияны біржола жеңген. Кез-келген құжатты ресімдеу үшін ондаған қағаз, бірнеше көшірме, түпнұсқа, фотосурет жинап, сауалнама толтыру қажет. Кейде бұл тұйық шеңберге ұқсайды: бір құжатты алу үшін басқа құжат жетіспейді, ал оны алу үшін тағы бір басқа құжат керек.
Сосын барлық жиналған қағаздарды қарапайым (!) поштамен жіберу қажет. Бұған да үйрену оңай емес, өйткені пошталық бөлімшеге жиі барып тұруға тура келеді. Ең бастысы, барлық түбіртектер, сауалнама, қағаздар мен чектерді сақтау қажет – олар кез-келген сәтте қажет болып қалуы мүмкін.
6. Франциядағы банктік жүйе өте күрделі. Мұндағы банктік қолданбалар тым қолайсыз: ақша аударымы үшін шоттардың ұзын нөмірлерін жатқа білу қажет, ал аударымдар бірнеше күнді алады. Картаға ақшаны банкомат арқылы салу мүмкін емес: ол үшін ақшаның қайдан келгенін растайтын қағазды көрсету қажет.
Картамен сауда жасағаннан кейін шоттағы ақша бірнеше күн шешілмей тұрады. Кейде ол бір аптадан кейін де шешіледі. Ал көптеген француздар мобильді телефонмен де төлем жасау мүмкіндіг бар екендігін біле бермейді.
7. Француздардың көбі демалыстарын бір жыл бұрын жоспарлап, билет алып, тұрғын үй брондап қояды, өйткені Францияда жыл сайынғы демалыс тек тамызда беріледі және оны өзгерту мүмкін емес. Тамыз айында Францияның негізгі тұрғындарын туристтер құрайды: барлық жергілікті тұрғындар шетелге немесе ауылдарға кетеді, ал шағын қалалар тіпті қаңырап қалады. Сол себепті де біздің кенеттен саяхаттап кетуіміз француздар үшін түсініксіз.
8. Француздар аса тәрбиелі әрі ілтипаттыдыр. Францияға баруға бел бусаңыз, «bonjour» ("қайырлы күн"), «excusez-moi» ("кешірім сұраймын"), «pardon» ("ғафу етіңіз"), «bonne journée» ("күніңіз қайырлы өтсін"), «bonne soirée» ("кешіңіз қайырлы өтсін"), «bon courage» ("сәттілік тілеймін"), «au revoir» ("көріскенше") деген тіркестерді жиі қолдануға дайын болыңыз. Ал француздар осы сөздерді айтқанда шын жүректен жымияды. Расымен де, егер әрдайым қайырлы күн мен сәттілік тілеп жатса, жымимау қиындау.
9. Францияда тек бір теміржол компаниясы бар. Осы себепті монополизм орнаған, кейде ішкі бағыттарға билеттер бағасы тым жоғары. Сондықтан француздар үшін билет алып пойызбен Бельгияға немесе ұшақпен Португалияға кетіп қалу Франциядағы басқа қалаларды аралаудан арзанырақ түседі. Оңтүстіктегі кейбір жұрт тіпті Парижге де бармаған, ал париждіктер Зеңгір Жағалауға ешқашан саяхаттамаған.
10. Францияда шетелдік шараптарды табу мүмкін емес. Супермаркеттерде импортталған шараптар үшін арнайы сөре болса да, олар тым қымбат. Француздардың көбі испан шараптарын татып көрмеген, "Кьянти"-дің не екенін білмейді. Осылайша мемлекет франциялық шарап өндірушілер мен ішкі нарықты қолдайды. Алайда Францияда әр аймақтағы жүзім сорттарының көптігі сонша, олардың барлығын татып көруге еш уақыт жетпес.
11. Француздар әр бір күннен ләззат алып, жасай біледі. Тіпті "savoir-vivre" ("жасай білу") деген тіркес те бар. Ол ұсақ нәрселерден тұрады: жексенбі күні асықпай базарға барып, балғын азық-түлік алу, саябақта таза ауада серуендеу, петанк ойнау, түскі асқа ақ шараппен уитр жеу, көше бойындағы дәмханада круассанмен кофе ішіп, адамдармен әңгімелесу.
Сілтеме: www.adme.ru
