Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Головкин мен Альварес екінші кездесуін ресми түрде жариялады

WBC, WBA (Супер), IBF және IBO нұсқалары бойынша орташа әлемдік салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен Мексиканың Сауль «Канело» Альварес екінші кездесуі туралы келісімшартқа қол қойды. Бұны боксшылар өздері, олардың промоутерлері және кездесуді ақылы түрде көрсететін HBO телеарнасы жариялады.

Матч 5 мамырда өтеді. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған. Осы күні Мексикада Синко де Майо тойланады - басты ұлттық мерекелердің бірі болып табылады, бұл боксшыларға PPV-хабарларының көбеюіне мүмкіндік береді. Екінші Головкин-Альварес кездесуі өтетін қала әлі жарияланған жоқ. Үміткерлер арасында Лас-Вегас, Нью-Йорк және Даллас қалалары болған.

Алдағы жекпе-жекте Головкин барлық белдіктерді ортаға салады, ал Альварес «The Ring» атағын және орта салмақтағы чемпионның атағын тәуекелге қояды. «Бұл жолы бізге судьялар қажет емес!» - делінген алдағы кездесу туралы ресми промо-акцияны Twitter-де Головкин жариялады.

Ескетеріңізге сала кетсек, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы кездесу 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткізіліп, тең есеппен аяқталды. Қазақстандық барлық атақтарын сақтап қалды, бірақ 37 үзіліссіз жеңістер сериясы үзілді.

0
0
260

Осы тақырып бойынша

Головкин мен Альварес екінші кездесуін ресми түрде жариялады - Yvision.kz