Мазмұнға өту
Обложка сообщества Дөңгеленген дүние

Израиль Иранға зымыран жіберді деген ақпарат тарады

Ирандағы Исфахан қаласының әуежайы маңында жарылыстар болған. Бұл туралы осы елдің ақпарат құралдары хабарлап жатыр.

undefined

Фото: NURPHOTO

«Ақпарат көздері Исфахан провинциясында жойқын жарылыстар естілгенін хабарлады», - деп мәлімдеді мемлекеттік телевизиядағылар.

FARS агенттігінің мәліметі бойынша, жарылыс халықаралық әуежай мен әуе күштерінің базасы орналасқан Кахяверестан қаласында болған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, үш жарылыс тіркеліпті.

FARS ықтимал нысаналардың бірі әскери радар болғанын, жарылыстар салдарынан бірнеше кеңсе ғимараттарының терезелері сынғанын айтып отыр.

Теһран мен басқа қалалардың үстінен ұшақ ұшыру тоқтатылған.

CNN бұған дейін Иран әуе кеңістігінде болған сегіз ұшақ бағытынан ауытқығанын хабарлаған еді.

Әуе қорғанысы жүйелері Иранның бірнеше аймағында жұмыс істеп тұр.

«Иранның әуе қорғанысы елдің бірнеше провинциясында іске қосылды», - деп хабарлады IRNA агенттігі.

АҚШ билігі өкілдерінің CBS News телеарнасына берген мәліметі бойынша, Израиль Иранға қарай зымыран ұшырған. Бұл туралы ABC News те айтып отыр.

Айта кетейік, өткен аптаның аяғында Иран Израильге шабуыл жасаған болатын.

0
0
335

Осы тақырып бойынша