Көршілер күні: татулық пен сыйластықтың мерекесі
Қазақта «Көрші ақысы – Тәңір ақысы» деген нақыл сөз бар. Бұл халқымыздың ежелден көршімен қарым-қатынасқа ерекше мән бергенін көрсетеді. Қазақ қоғамында көрші тек жанында тұратын адам емес, қиындықта қолдау көрсететін, қуанышта бірге болатын жақын жандардың бірі саналған. Сондықтан көршімен тату болу, бір-біріне көмектесу және сыйластық сақтау ұлттық құндылықтардың ажырамас бөлігі.

Бүгінде бұл дәстүр өз маңызын жоғалтқан жоқ. Көпқабатты үйлер мен жаңа тұрғын аудандар көбейген сайын көршімен қарым-қатынастың рөлі арта түсуде. Аула тазалығын сақтау, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарау, қажет кезде қол ұшын беру – жақсы көршіліктің көрінісі.

Мамандардың айтуынша, көршімен тату болу адамдардың өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінуіне ықпал етеді. Жақсы қарым-қатынас қоғамдағы сенімді нығайтып, ауызбіршілікті арттырады. Кейде қарапайым амандасу немесе көршіге көрсетілген кішкентай көмек үлкен достықтың бастамасына айналуы мүмкін.

Қызық дерек: әлемнің көп елде көршілік қарым-қатынасты дамытуға арналған арнайы мерекелер бар. Солардың бірі – Көршілер күні. Бұл мереке алғаш рет 1999 жылы Францияда пайда болды. Оның негізгі мақсаты – бір-бірін жақсы тани бермейтін тұрғындарды жақындастырып, достық қарым-қатынасты нығайту. Францияда бұл күні тұрғындар ортақ дастархан жайып, көршілерін қонаққа шақырады, түрлі мәдени және қайырымдылық шараларын өткізеді. Кейін бұл бастама Еуропаның басқа елдеріне де таралып, жыл сайын миллиондаған адамның қатысуымен аталып өтетін мерекеге айналды.

Бүгінде Көршілер күні Франция мен Еуропаның көп мемлекетте достықтың, өзара көмектің және адамгершілік құндылықтардың символы ретінде атап өтіледі. Бұл мереке адамдарға жақсы көрші болудың қоғам үшін қаншалық маңызды екенін еске салып, татулық пен сыйластықты дәріптеуді жалғастырып келеді.
