Қарғаны құтқару операциясы
Көкшетауда қарқылдақ құс құтқару операциясының арқасында бір ажалдан аман қалды. 
Жарықтандыру бағанасы темірлерінің арасына қарғаның қалай қыстырылып қалғаны белгісіз. Ал оны қаланың еріктілері байқапты.
"Кешке мұндайды елеусіз қалдырмайтын адамдар әдеттен тыс жағдай туралы хабарлады. Шақырту орнына көкшетаулық өрт сөндірушілер келді. Олар автобаспалдақтың көмегімен құсты бағанадан алып шықты. Қарға еріктілерге тапсырылды. Біз үшін әр қанаттының өмірі маңызды", - деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасы.
