Мамандықты өзгерту ешқашан кеш емес
Кез-келген жаста мамандықты өзгертуге болады, алайда уақыт өткен сайын жаңа нәрсені үйрену және жұмыс берушілерге тәжірибе ең бастысы емес, ең бастысы - жұмысқа ұмтылу екенін түсіндіру қиын. Сондықтан, кәсібіңізді өзгерту туралы ойларыңыз болса, оны кейінге қалдыруға болмайды, қаншалықты шешімді ертерек қабылдасаңыз, соншалықты жеңілірек болады. Ал мамандықты өзгерткенге дейін 10 нәрсе істеу керек.
Мәселен, жұмыстан босату туралы арыз жазбастан бұрын, сізге жақсы дайындық пен бірнеше мәселені ойлану керек. Болашаққа жағымды көзқарас - егер адам бір нәрсені қаласа, ол оған қол жеткізеді, бірақ кем дегенде неге жету керек екенін білу керек. Және бұл үшін өзіңізді түсініп, не ұнатпайтыныңызды және өзіңізге шын мәнінде не қажет екенін түсіну керек.
1. Өзіңізге ұнамайтын заттарды анықтаңыз
Сізге осы жұмысыңызда не ұнамайтынын анықтаңыз. Мүмкіндік болса, оларды жазып жүруге тырысыңыз. Мүмкін сізге, қызметкерлер мен басқарманың арасындағы қарым-қатынас немесе сіздің жұмысыңыздың кейбір аспектілерінен, мысалы, оның іш пыстыратын бөлігі немесе жаңа адамдармен қарым-қатынас орнатуды қажет ететін бөлігі ұнамайтын шығар. Біраз уақыттан кейін, сізге осы жұмыста не ұнамайтыны, келешек жұмсыңызда не болмауы керек екені анықталады.
2. Өзіңіздің қызығушылығыңызды, дағдыларыңызды, қабілеттеріңізді бағалаңыз.
Өзіңіздің қызығушылық, таланттарыңыздың тізімін жасаңыз. Өткен жұмыстарыңыз бен жетістіктеріңізді еске түсіріңіз. Тізім дайын болған соң, сіздің қызығушылығыңыз бен қазіргі жұмысыңызда айналысып жүрген істеріңіз қаншалықты сәйкес келетінін салыстырыңыз.
3. Жаңа мамандықты анықтау, оны талқылау
Сізге жақсы ойлар қашан келеді? Түнде, таңертең, жалғыз болғанда, достарыңызбен болғанда? Жаңа мамандық туралы ойлануға ең қолайлы орын мен уақыт таңдаңыз.
4. Өз салаңызды таңдаңыз
Өзіңіз жұмыс істегіңіз келетін бірнеше сала таңдаңыз.
5. Барынша көбірек біліңіз
Сізде бірнеше сала таңдалғанна кейін, әрқайсысы туралы барынша көбірек мағлұмат жинауға тырысыңыз. Ең дұрысы сол мамандықта істейтын адаммен танысу, одан барынша көп ақпарат алу.
6. Еріктілер қатарында немесе штаттан тыс жұмыс істеп көріңіз
Таңдалған сала сізге қаншалықты қызық екенін түсіну үшін, бос уақытыңызда сол саладан қосымша жұмыс алып істеп көріңіз.
7. Оқуға мүмкіндіктер қарастырыңыз
Мамандық ауыстыру үшін, қайтадан сол салада жоғары білім алу қажет емес, алайда, егер таңдалған салаға байланысты қосымша курстар болса, неге оқымасқа?
Қалаңызда сіз таңдаған сала бойынша қосымша курстар бар ма қарастырып көріңіз.
8. Дағдыларыңызды жетілдіріңіз
Жаңа мамандық үшін пайдалы болатын дағдыларды игеру мүмкіндігін іздеңіз. Егер мамандықтарыңыз үшін ыңғайлы курстар табылмаса, сіз болашақ жұмыс үшін пайдалы бола алатын қабілеттерді дамыта аласыз.
Кейбір компаниялар үнемі қызметкерлерін курстарға және семинарларға жібереді, және де сіз осындай компанияда жұмыс істесеңіз, кем дегенде, жаңа мансабыңызға көмектесетін нәрсені біліп-үйренуге мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
9. Ұқсас салалар іздеңіз
Жаңа мамандықты меңгеру сіз үшін әлдеқайда жеңіл болады, егер ол шамамен ескі жұмысыңызбен бірдей салада болса, бірақ қажет өзгерістермен әрине. Мәселен, алдымен жақын салаларды қарастырасыз, содан кейін ғана – мүлде басқа саланы, сізде ешқандай тәжірибе жоқ саланы қарастырыңыз.
Мысалы, сіз программист болып жұмыс істесеңіз, бағдарламалық жасақтаманы сатумен айналыссаңыз болады, себебі сіз бұл саланы жақсы білесіз.
10. Сұхбатқа дайындалыңыз
Сұхбатқа барар алдында келесі сұраққа жауабыңыз туралы ойланыңыз. «Осы жұмысқа бұл салада тәжірибесі көп адамды емес, неге сізді алуымыз керек?». Осы сұраққа жауапта дағдыларыңыз бен таланттарыңыздың тізімін пайдалана аласыз, және олардың жетілдірген болсаңыз (семинарлар, арнайы әдебиеттер, т.б.), жауаптың әсері тіпті жақсы болады.
Және ең бастысы, есіңізде болсын: бір салада қанша жыл жұмыс істесеңіз де, мамандықты өзгертуге ешқашан кеш емес.
