Назарбаев: 26 жыл бойы Қазақстан Американың досы болып келеді
«Сізге шақырғаныңыз үшін үлкен рахмет, Президент мырза, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізді президенттік мерейтойыңызбен және экономикадағы үлкен жетістігіңізбен құттықтауға рұқсат етіңіз. Мен үшін мұнда болу үлкен мәртебе. Тәуелсіздік пен аумақтық тұтастық үшін Қазақстан әрдайым маңызды саяси қолдау көрсетті», - деді Қазақстан президенті Дональд Трампқа айтқан сөзінде. «26 жыл бойы Қазақстан Америка Құрама Штаттарының досы болып табылады, бүгінгі сапар соған дәлел, мен біздің елдеріміз арасындағы аймақтағы мүдделеріміз туралы әңгімелейтін боламыз және екі жақты экономикалық қатынастар жоғары деңгейге көтеріледі деп үміттенемін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапармен келді, іс-сапар 16-18 қаңтар аралығында үш күнге жалғасатын болады. Қазақстан президенті Трамппен кездескеннен басқа, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады және Америка Құрама Штаттарының ресми және іскер топтарының өкілдерімен кездеседі.
