Назарбаев Путинмен АҚШ-қа сапары туралы қорытындыларымен бөлісті
Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағын, сондай-ақ еуразиялық экономикалық интеграция шеңберінде қазақстан-ресей ынтымақтастығын талқылады.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға сапары және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы аясында аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды», - делінген хабарламада.
ҚР Президентінің АҚШ ресми іс-сапарының қорытындылары жөнінде отырыс Ақордада өтті деп хабарланған болатын.
