Назарбаев қыздарға болашақ жарларын қайдан іздеу керектігін айтты
«Неге батыста қазір кеш тұрмысқа шығады? 30-35 жаста. Әйел адамдар материалды, қаржылай тәуелсіз болғысы келеді.
Карьера жасағаннан кейін барып отбасын құрғысы келеді. Отбасындағы қиындықтар осыдан туындайды. Екеуі де жұмыс істейді, екеуі де өз бетінше өмір сүре алады – екеуі тең әрі еркін болулары керек. Әйел еркін болуы керек», - дейді президент.
Оның ойынша, қызғану мүлде пайдасыз іс.
«Біз еркектер ерте ме, кеш пе қызғанамыз. Бұл мүлде пайдасыз іс. Кім сенің қолыңнан ұстады, сен кіммен бардың, содан барлық дау-дамай басталады», - деп күлді елбасы.
Ол қыздарға болашақ жарларын қайдан іздеу керектерін айтты.
«Қазір қызбен танысқысы келетін жігіт қайда барады, дискотекаға. Бар даусына қосылған музыка, түтін, отырасың, сөйлесе алмайсың, ол сені естімейді. Осылайша танысады.
Өзіңнің қызығушылықтарың бар жерде танысу керек, мысалы, егер екі адам бір-біріне емес, бірдей мақсатқа қарап тұрса, міне осы дұрыс болады.
Егер сен спортты жақсы көрсең – өмірлік жарыңды сондай жерден ізде, саяхаттауды жақсы көрсең, оны саяхатта табасың», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
