Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова: "физика – физика ретінде, химия – химия, билогия – биология ретінде бөлек оқытылады"
Алматы қаласында "Жас ғалымдар конгресі" өтіп жатыр. Шара барысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова пәндерді біріктіріп оқыту жөніндегі бастаманың тоқтатылатынын айтты.

Бас ұстаз: "Жас ғалымдар конгресінің мінберін пайдалана отырып, бір сұраққа нүкте қойғым келеді. Қоғамда жаратылыстану бағытындағы пәндерді қосып оқытуға байланысты, яғни, физика, химия, биология пәндерін бір пәнге біріктіру туралы қызу талқы жүріп жатыр. Қазіргі таңда бұл пәндер кіріктірілмейтін болды. Демек физика – физика ретінде, химия – химия, билогия – биология ретінде бөлек оқытылады. Біздің мақсатымыз мектеп жасындағы оқушылардың бойында фундаменталды ғылымды терең әрі жүйелі меңгеруге толық жағдай жасау. Пәндерді біріктіру реформасы бүгіннен бастап тоқтатылады. Физика, химия, биология – әрқайсысы жеке оқыту мәртебесін сақтайды", - деді.
