Президент алға қойған басты мақсат – сенімді әрі заманауи отын-энергетикалық кешені бар қуатты және әртараптандырылған экономика құру
📍 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаһандық жобалармен қатар іргелес салаларды негізгі ресурстармен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы міндеттер де шешілуде.
✔️ Мысалы, қазақстандық зауыттардың өнімдерін жаңғырту және басым сатып алу есебінен жол-құрылыс саласын отандық битуммен толық қамтамасыз етуге қол жеткізілді.
✔️ Үкімет бекіткен Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2025-2040 жылдарға арналған тұжырымдамасы ұзақмерзімді перспективаға бағытталған.
«Барлық кешенді жұмыс Президент қойған басты мақсат – әрбір қазақстандықтың игілігі үшін жұмыс істейтін сенімді, заманауи отын-энергетика кешеніне негізделген қуатты және әртараптандырылған экономика құруға бағытталған»,
— деді Е.Ақкенженов.
📱 @KZgovernment
