Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Президент ескі үйлерді бұзу туралы: бұл халық денсаулығы мәселесі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында ескі үйлерді бұзу қажеттігін айтты.

«Қолжетімді баспана туралы әңгіме қозғалып отырмыз, адамдар ескі үйлерінде тұрыпғ жаңа үйлерін жалға беруде, ақша табу үшін. Адамдар тұрғысынан бұл қалыпты жағдай да болар, алайда біз ескі үйлерді бұзуымыз керек», - деді президент.

Сонымен қатар, ол үйлердің бұзылуын іскерлік сектор үшін пайдасы болатындай етіп шешуге шақырды. «Төрт қабатты Хрущевкалардың тұрғанына 60-70 жыл, енді оларды бұзып, жерді бизнеске беру керек», - дейді ол. «Қала орталығында жақсы жер бизнеске де жақсы әсерін тигізеді, ол қаланың сыртқы көрінісін әдемі етеді. Адамдарға өмір сүру үшін жақсы орынға көшуге мүмкіндік береді. Бұл денсаулық мәселесі, халықтың әл-ауқаты», - деді Назарбаев.

0
0
295

Осы тақырып бойынша

Президент ескі үйлерді бұзу туралы: бұл халық денсаулығы мәселесі - Yvision.kz