Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Шымкенттік дәрігерлер жасанды интеллектінің көмегімен инсультті анықтай бастады

Өлім-жітім, соққыға жығылған сарбаз т б негатив ақпараттар ағынының арасында жақсы жаңалықтар да кездеседі.

Шымкенттік дәрігерлер жасанды интеллектінің көмегімен инсультті анықтай бастады.

Смарт жүйе компьютерлік томография қондырығысымен жұмыс істейді. Ол науқастарға талдау, сараптама жасап, инсульт белгілерін жылдам әрі дәл анықтайды. Тексеру қорытындысы смартфон қосымшасына жүктеліп, қажет адамдарға СМС жолданады.

Қазірдің өзінде жасанды интеллект қойған диагнозбен 40 адамға операция жасалған.

Жасанды интеллект мидағы цитатостатикалық ісінуді көріп, оң жағы немесе сол жағы мидың екіжақты полушариясын салыстырып, сол жерде мидың қанмен қамтамасыз ету бұзылысын анықтап береді.

Жасанды интеллектті өзіміздің ІТ мамандар мен нейрорадиологтар жасап шықан. Дарынды жастардың әлеуетін дұрыс пайдалану керек. Айтпақшы, референдумға тура 10 күн қалды.

0
0
268

Осы тақырып бойынша

Шымкенттік дәрігерлер жасанды интеллектінің көмегімен инсультті анықтай бастады - Yvision.kz