Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Әуезов театрының директорына қатысты сот шешімі шықты

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Әуезов атындағы театрдың директоры Ерлан Біләлға үкім шығарылды. Оған 52,5 миллион теңге айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-тармағында және 366-бабының 2-тармағында көзделген қылмыстық іс бойынша – 1,5 млн теңге мөлшерінде «пара алуға тырысты» деп айыпталған болатын.

Алдын ала тергеу барысында Ерлан Біләл өз кінәсін толық мойындап, өкінгенін мәлімдеді. Ол параны Сезам театрына жаңа жылдық қойылымдарға арналған үлкен театр залын ұсыну үшін алған еді.

Қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін жағдайлар қатарында сот сотталушының кәмелетке толмаған балалардың барлығын, шын жүректен өкінуін және қылмысты толық мойындауын, денсаулық жағдайын, мемлекеттік наградаларын, әлеуметтік еңбектерін ескерген.

Ерлан Біләлдің дүние-мүлкін конфескелеуді сот керек деп таппаған.

«Ерлан Біләлды «пара алуға тырысты» бабы бойынша кінәлі деп мойындап, жауапқа тартылушыны мемлекеттік лауазымдарда, мемлекеттік қызметке араласуға тыйым салынады. Айыппұл мөлшерін парадан 35 есе мөлшерде, яғни 52,5 млн теңге мөлшерінде тағайындалады. Қазақстан Республикасының Президентіне Ерлан Біләлды «ҚР еңбек сіңірген қайраткері», «ҚР жастар одағы сыйлығының лауреаты» және «Құрмет» ордендерінен айыру туралы ұсыныс жасалады», - деп үкім кесті судья Қуаныш Арипов.

Ерлан Біләлда айыппұлды өтеуге бір ай уақыт бар.

31 қаңтарда Ерлан Біләл «Сезам» қоғамдық қайырымдылық қорының президенті Қайрат Баяновқа өз іс-әрекеттерінен келтірілген залалды өтеген болатын.

46 жастағы Ерлан Біләл 2,5 жыл Әуезов атындағы драма театрының директоры болды. Бұған дейін ол директордың орынбасары болған. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР жастар одағы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» орденінің иегері атақтары бар.

1
0
441

Осы тақырып бойынша

Әуезов театрының директорына қатысты сот шешімі шықты - Yvision.kz