Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Қыз алып қашқаны үшін 12 жыл түрмеде отыруы мүмкін

Қорғаушы Асел Тоқаева қалыңдық ұрлауды адам ұрлаумен теңестірмеуді сұрады.

"Қазақстан адвокаттар" тобының заңгері Руслан Шағатаев өз әріптестеріне жолдаған сөзінде, оның клиентінің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлімі, 1, 3-тармақтары (алдын ала жоспармен топ болып адам ұрлау ) бойынша айыпталып жатқанын айтты.

"Менің қорғалушым жауапсыз махаббаттан өзінің сүйіктісін жоғалтуға қорқып, оны қазақтың дәстүрі бойынша алып қашуға бел буады, қызды үйіне алып келіп, ата-анасымен таныстырып, өзінің жары еткісі келеді. Досынан көмек сұрайды, досы тағы үш досын шақырады. Осылайша, соңғы төртеуі қызды жұмыс орнынан алып қашып, жігіттің үйіне алып келеді. Ал 40 минуттан кейін полиция келеді. Алып қашу кезінде ешқандай күш қолдану болмаған. Үйде жәбірленуші жігітке бас салып, бетінен ұра бастаған. Жігіт өз кезегінде, қызды сабасына түсіру мақсатымен, бетінен шапалақпен бір рет ұрып жіберген, қыздың бетінде аздаған ізі қалған. Басқа күш қолдану белгілері жоқ. Қыз ауруханаға медициналық көмек алуға жүгінбеген",-деп жазды Шагатаев.

Оның айтуынша, айыпталушылар кінәларын мойындаған. Алайда, қыз әкесінің ықпалымен оларды кешірмей, соттан оларды жазалауды сұрайды.Айыпталушылар 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жарияланымға жауап ретінде, Астана адвокаттар алқасының мүшесі Асел Тоқаева, қалыңдықтың ұрлануына байланысты себептерді ескеру керек екендігін айтты.

"Ерлі-зайыптылық қатынастар орнату мақсатында жеке адамды ұрлау туралы ұсыныс енгізу керек, және жазалауды да басқаша жүзеге асыру керек, өйткені басқа мақсаттар үшін нақты ұрлаумен үйлену мақсатында алып қашуды салыстыру мүмкін емес", - дейді ол.

Ол сондай-ақ, Шағатаевқа іс бойынша мақала жасап, ұсынысын Жоғарғы сотқа және Бас прокуратураға жіберуді ұсынды.

Қызды ұрлау немесе ұрлау арқылы неке қию - бұл Кавказда, Қырғызстан, Қазақстан, Эфиопия және басқа да елдерде кездесетін зорлықпен неке қию тәжірибесі. Сондай-ақ, ежелде қалыңдықтың ұрлануы түркі халықтарының арасында таралды. Әлемнің көптеген елдерінде неке қиюдың бұл түрі заңды емес, қылмыс деп танылады.

0
0
915

Осы тақырып бойынша

Қыз алып қашқаны үшін 12 жыл түрмеде отыруы мүмкін - Yvision.kz