Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Жалғыз қалып, өзіммен, сырласқанда (Аудио өлең)

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Айбек Бекбосын «Жалғыздық»

Бейнематериал авторы – Оптимус Прайм

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Амалым жоқ, жанымды, мұң басқанда,

Жалғыз қалып, өзіммен, сырласқанда.

Жылап тұрған жүрекке, мұң қонғанда,

Бар керегім, тыныштық, жүйкелерім тозғанда.

Айта алмассың ешкімге, айталмассың,

Табылмаса қасыңнан, түсінер жан.

Мұңның шаңы іліксе, мынау көңілге,

Қалам сөйлей бастайды, ақ дәптерге.

Осы сәтте ұмытам, мүлдем бәрін,

Бар білерім мен үшін, енді әнім.

Жүрегімде соғады, бір басқаша,

Жеңілденіп қалады, сөз жазғанша.

Қуанып та, мұңайып, мен жатамын,

Бірде көңілім гүлденіп, бірде солып.

Жазым ба екен, әлде көктем ұранын,

Соғып жатыр, бар көңілді, бұрқыратып.

Бірде тәнім шаршайды, бірде жаным,

Безіп кеткім келеді, жол таңдамай.

Бірақ тағдыр, салады, ойға тағзым,

Тік тұрғызып, қайсарлықта құлатпай.

1
0
2426

Осы тақырып бойынша

Жалғыз қалып, өзіммен, сырласқанда (Аудио өлең) - Yvision.kz