Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Жаңаөзенде «АMANAT» партиясы жастармен АЭС жайлы мәліметтермен бөлісті

Жаңаөзенде «TALQYLAU» сұхбат алаңында жастар бас қосты. Онда АЭС-тің маңызы, әлеуеті мен басымдықтары сөз болды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

Сұхбат алаңында Жаңаөзен жастар ресурстық орталығы директоры Асқар

Қойлыбаев, Ауған соғысы ардагері, № 17 мектеп алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысы Жарылқасын Көпжасаров,

қоғам белсендісі Сәбит Қаржаубаев сөз сөйледі.

- 6 қазан күні жастар референдумға қатысуы керек. Өйткені ол да бір жауапкершілік. Әр адам өзінің дауысын беруге тиісті. АЭС құрылысы Қазақстанның дамуы үшін өте маңызды. Технологиялық прогресс жайында айтар болсақ, атом энергетикасының дамуы жаңа технологиялар мен қауіпсіздік жүйелерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы АЭС-те қауіпсіздік шаралары өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған, ал қалдықтарды басқару технологиялары жыл сайын жақсарып келеді. Осы себептерге байланысты АЭС болашағы экологиялық таза және тиімді,-дейді Жарылқасын Көпжасаров.

Сонымен қатар жиында ҮЕҰ құру арқылы командалық жұмыстың басымдылығы, жастарға арналған жұмыс жоспарлары айтылды.

0
0
186

Осы тақырып бойынша

Жаңаөзенде «АMANAT» партиясы жастармен АЭС жайлы мәліметтермен бөлісті - Yvision.kz