Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Жылдам әрі Ыңғайлы: Республиканың барлық шалғайдағы ауылдық елді мекендерінде «Құқық кабинеттері» ашылды

Мемлекет басшысының ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегітапсырмасын іске асыру мақсатында әділет органдары облыс әкімдіктермен бірлесіп республиканың барлықшалғайдағы ауылдық елді мекендерінде 2 000-ға жуық «Құқық кабинетін» ашты.

«Құқық кабинеті» - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.

Кабинеттер аудандық, ауылдық әкімдіктердің ғимараттарында, ауылдық клубтарда, демалыс орталықтарындажәне т. б. EGOV өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін(мекен-жайлар бойынша толық ақпарат алу үшін тиісті аумақтық әділет органдарына хабарласуқажет).

Кабинеттер қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпаратттық құқықтықжүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардыңақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютерлермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.

Бұл шалғайдағы ауылдық округтерде заңнаманы өз бетінше зерделеуге мүмкіндік бере отырып, халыққақұқықтық көмек көрсетуді және құқықтық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аумақтықәділет органының құқық түсіндіру бөлімінің қызметкеріне не 1414 байланыс орталығына қоңырау шалаалады, қажет болған жағдайда заң консультанттары палаталарының өкілдері, адвокаттар алқасының өкілдерітартылады.

0
0
415

Осы тақырып бойынша