Мазмұнға өту
Aikosmuz

Айгүл Сағымбайқызы

@Aikosmuz

Сайтта 2013 ж. 21 қазан

Родилась в г. Целинограде, ныне столица Республика Казахстан г. Астана В 1987 г. Окончила КГМИ, факультет санитарно - гигиенический. Народный писатель свободного жанра Деньги на поддержку канала и покупки нового оборудования по возможности можете выслать на нижеуказанный счет в киви: QIWI - +77478330581 Бақытжан Бекмұхаммедұлы

рейтинг

250

жазбалар

570

пікірлер

456

тіркелуші

18

жазылымдар

0

Ақылыңды сағындым, жан анашым...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Үш жыл болды, анамның кеткеніне,

Мініп кетті-ау, оралмас кемесіне.

Қайран анам, кетігін де, кемін де,

Құрап-жамап, білдіртпеген біздерге.

Ақылыңды сағындым, жан анашым,

Жетімдіктің, мен түсіндім бағасын.

Тұяқтарым, сүрініп ренжіткенде,

Жаза алмадым, жүрегімнің жарасын.

Ұйтқы болған біздерге, шіркін анам,

Өзен болсам, болдың-ау менің дәриям.

Барамын-ау ұқсап енді, мен саған,

Жүрегімнің сағынышын, қалай ғана баса алам.

1
0
5492

Елес болып келесің, көз алдыма...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Вадим Гурьев – Глубокая печаль

Бейнематериал авторы – Татьяна А.

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Сені маған, егіз қылып, жаратқан ба,

Сен деп, үміт құрамын, атқан таңға?

Сүйіп тұрған жүректе, кінә барма,

Әр соғысы, сені іздеп, сағынғанда?

Елес болып келесің, көз алдыма,

Оралсаңда, ақ шаш болып, самайыма.

Әжім болып түссеңде, жанарыма,

Бәрін кештім, ризамын, бұл әлемде барыңа.

Махаббатым торланған, сағыныштан,

Нөсерлесін мейлі жаңбыр, көз жасымнан.

Болмаса екен, сәттерім жанымысқан,

Бір түңілген күніммен, адастырған.

2
0
995

Махаббатта шіркін-ай, кінә бар ма...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Ernesto Cortazar – Lovers in the dark

Бейнематериал авторы – Andreea Petcu

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Сүйген жанда шіркін-ай, кінә бар ма,

Түсіп жатса сезімнің қармағына?

Келеді-ау әр адамның, бір басына,

Махаббатың сиымын, сынағыда.

Сағынышта шіркін-ай, кінә бар ма,

Сары шапан өлшенсе, сүйген жанға.

Үрейленіп қарайды-ау, неге алға,

Жібермей ме күндері, қалған артта?

Махаббатта шіркін-ай, кінә бар ма,

Құпияңды адамзат, шеше алған ба?

Беу дүние-ай, сандығың, сиқырлы ма,

Бұйырта гөр кілтіңді, сүйген жанға.

1
0
386

Өкінбе сен күндерге, өткен-кеткен...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Арсений Якшиянц «Подними глаза на небо»

Бейнематериал авторы – Татьяна А.

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Түңілме сен, көрдім деп тапшылықты,

Қайтпады деп, істеген жақсылықты.

Өкінбе сен күндерге, өткен-кеткен,

Ешкім әлі бақытқа, оңайлықпен жетпеген.

Сәтсіздік қой, қайсарлыққа үйреткен,

Құлатса да, намыс беріп жүгірткен.

Тағдыр сынап, өткізеді сүйектен,

Сабақ беріп, осындай бір, сәттерден.

Көтер басты, қара өмір өріске,

Асыл басың, жетер әлі жеміске.

Қыйндықтың артында, жақсылық тұр кезекте,

Ондай болса тағдырыңа, ерегесу керек пе?

2
0
1336

Қу арман-ай, арман-ай, неге алдайсың?

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Саксофон: Юнг Юн Су ( Встреча)

Бейнематериал авторы – Татьяна А.

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Мекен жайын таба алмадым, арманның,

Сиқырлы әлем, қайда сенің тұрағың.

Мақтанасың кей кезде, асып-тасып,

Ал кей кезде қабағың, қалады қатып.

Оңай емес аумалы, тұрған шақта,

Қолым жетті дегенде, алыстайсың.

Сан құбылып, қайтадан шақырғайсың,

Қу арман-ай, арман-ай, неге алдайсың?

Қайран өмір, армансыз, кісі өткен бе,

Не жетсін, арман қуып, іс еткенге.

Мейлі болсын армандар, кейде елес,

Онсыз өмір ағыны, қызық емес.

1
0
523

Алдамаңдар, ешқашан алдамаңдар...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – صاحبة السعادة | Sahibet Al-Saada

Бейнематериал авторы – Sergei Egorov

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Алдамаңдар, ешқашан алдамаңдар,

Пәк сезімге, дақ түсіріп жатпаңдар.

Кір түсіріп көңілге, жылатпаңдар,

Кезек дүние, бір соны, ұмытпаңдар.

Алдандым деп ешқашан, жыламаңдар,

Алданғанның ертеңі бар, таңы бар.

Шалынсаң да аяқтан, құламаңдар,

Төмен қарап, күрсінбей, тік қараңдар.

Азар болса, сабақ алдың, тағдырдан,

Ауыртады әрине, ине болып қадалған.

Удай ашып тұрсадағы, мынау жаның,

Дерт қалмасын, жүрегіңде жазылмаған.

Сыналады шын сүйген, тағдырымен,

Сары шапан өлшеулі, қысқа жеңмен.

Өмір кезек, әр түрлі қызығымен,

Түңілмесін, жыламасын, шын сүйген.

1
0
409

Үзілмес сезім екенсің...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Daveed ~ Tango / Irene Sheri - paintings

Бейнематериал авторы – stef2012bg

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Қайдасың, қайда арманым,

Сезім деп, алға шақырған.

Елеске, неге оралдың,

Бақ құсым болмай, самғаған.

Жылдарым менің, көктемім,

Әлі де естен, кетпеген.

Сондықтан, менің жүрегім,

Күзден де, көктем іздеген.

Тұрсада айтып, мұң тамшы,

Сырымды, жүрек сақташы.

Бес күндік, өмір алдамшы,

Деп сезім, маған айтпашы.

Алыстан сені құшамын,

Сағынып күнде, еске алып.

Жете алмай саған, жатамын,

Қанатсыз құстай, мен қалып.

Үзілмес сезім екенсің,

Жат болып мүлдем, кетсең де.

Әлі де менде мекенің,

Ғасырдай, уақыт өтсе де.

1
0
537

Мен өйткені ғашықпын, құлай сүйген...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – GIOVANNI MARRADI - Tears of Gideon

Бейнематериал авторы – Andreea Petcu

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Келмесе екен аулама, менің ызғар,

Лаулап тұрған жүрегім, лаулай берсін.

Қуанышта гүлденсін, айлар, жылдар,

Мен өйткені ғашықпын, құлай сүйген.

Болмаған да сезімім, кім біледі,

Құйын қуған қаңбақтай, кетер ме едім?

Осы сезім, үйретті күресуді,

Мынау тағдырдың, аласұрған боранымен.

Күрең күз, келсін мейлі, өміріме,

Ең бастысы, қыс түспесін көңіліме.

Соға берсін, сен деп тұрған жүрегім,

Бар болғаны, осы менім тілегім.

1
0
423

Не істемейді адамзат, көңіл үшін...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – André Rieu - Les Feuilles Mortes (Autumn Leaves)

Бейнематериал авторы – Tatiana Blue

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Не істемейді адамзат, көңіл үшін,

Жоқ болса да асыйды, ары үшін.

Жетілген мен жарысып, өлшейді күшін,

Әттеген-ай ойланбай, ертеңгісін.

Сыйлар сені, егер болса, шын достық,

Дәмін татқан, өмірдің, бір қазаннан.

Досың болар қасыңда, келсе қастық,

Арашалап сайқал менен, арамдардан.

Өмір сый ғой, өмірдің, өзі күшті,

Жарысқаннан не пайда, құртып күшті.

Сатып алған мақтауың, екі үшті,

Сол бір үші қадалып, ауыртпасын жүректі.

1
0
285

Көп қиналды көңілім, неге бүгін...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы - Laith Al-Baiyaa - "If I Had You"

Бейнематериал авторы – LiLoveLi

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmus

Көп қиналды көңілім, неге бүгін,

Көз алдымнан өткіздім, өмірімді?

Қанша жуса, тазармас, бір кір сүлгін,

Болғандайсың көңілім, неге-неге?

Қайдан түсті, бұл қоқыс, көңіліме,

Іріктейін десем де, көнбес мүлде?

Маза кетіп, дақ түсті ме, көңіліме,

Кекшіл емес едім ғой, неге-неге?

Іріп кетті, бал-қаймағы көңілімнің,

Таза бұлақ айналды, тұрған көлге?

Дәмі кетті білемін, мынау сөзімнің,

Түңілгендей болдым-ау, неге-неге?

Дос едің ғой көңілім, өзің маған,

Сабырлық пен, талай мені, қорғаған.

Барма екен, адамдар, сыналмаған,

Дем ала ғой, көңілім, болғандайсың шаршаған.

1
0
636