Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көп қиналды көңілім, неге бүгін...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы - Laith Al-Baiyaa - "If I Had You"

Бейнематериал авторы – LiLoveLi

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmus

Көп қиналды көңілім, неге бүгін,

Көз алдымнан өткіздім, өмірімді?

Қанша жуса, тазармас, бір кір сүлгін,

Болғандайсың көңілім, неге-неге?

Қайдан түсті, бұл қоқыс, көңіліме,

Іріктейін десем де, көнбес мүлде?

Маза кетіп, дақ түсті ме, көңіліме,

Кекшіл емес едім ғой, неге-неге?

Іріп кетті, бал-қаймағы көңілімнің,

Таза бұлақ айналды, тұрған көлге?

Дәмі кетті білемін, мынау сөзімнің,

Түңілгендей болдым-ау, неге-неге?

Дос едің ғой көңілім, өзің маған,

Сабырлық пен, талай мені, қорғаған.

Барма екен, адамдар, сыналмаған,

Дем ала ғой, көңілім, болғандайсың шаршаған.

1
0
637

Осы тақырып бойынша

Көп қиналды көңілім, неге бүгін... - Yvision.kz