Үзілмес сезім екенсің...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Daveed ~ Tango / Irene Sheri - paintings
Бейнематериал авторы – stef2012bg
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
Қайдасың, қайда арманым,
Сезім деп, алға шақырған.
Елеске, неге оралдың,
Бақ құсым болмай, самғаған.
Жылдарым менің, көктемім,
Әлі де естен, кетпеген.
Сондықтан, менің жүрегім,
Күзден де, көктем іздеген.
Тұрсада айтып, мұң тамшы,
Сырымды, жүрек сақташы.
Бес күндік, өмір алдамшы,
Деп сезім, маған айтпашы.
Алыстан сені құшамын,
Сағынып күнде, еске алып.
Жете алмай саған, жатамын,
Қанатсыз құстай, мен қалып.
Үзілмес сезім екенсің,
Жат болып мүлдем, кетсең де.
Әлі де менде мекенің,
Ғасырдай, уақыт өтсе де.
