Ақылыңды сағындым, жан анашым...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»
Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
Үш жыл болды, анамның кеткеніне,
Мініп кетті-ау, оралмас кемесіне.
Қайран анам, кетігін де, кемін де,
Құрап-жамап, білдіртпеген біздерге.
Ақылыңды сағындым, жан анашым,
Жетімдіктің, мен түсіндім бағасын.
Тұяқтарым, сүрініп ренжіткенде,
Жаза алмадым, жүрегімнің жарасын.
Ұйтқы болған біздерге, шіркін анам,
Өзен болсам, болдың-ау менің дәриям.
Барамын-ау ұқсап енді, мен саған,
Жүрегімнің сағынышын, қалай ғана баса алам.
