Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өкінбе сен күндерге, өткен-кеткен...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Арсений Якшиянц «Подними глаза на небо»

Бейнематериал авторы – Татьяна А.

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Түңілме сен, көрдім деп тапшылықты,

Қайтпады деп, істеген жақсылықты.

Өкінбе сен күндерге, өткен-кеткен,

Ешкім әлі бақытқа, оңайлықпен жетпеген.

Сәтсіздік қой, қайсарлыққа үйреткен,

Құлатса да, намыс беріп жүгірткен.

Тағдыр сынап, өткізеді сүйектен,

Сабақ беріп, осындай бір, сәттерден.

Көтер басты, қара өмір өріске,

Асыл басың, жетер әлі жеміске.

Қыйндықтың артында, жақсылық тұр кезекте,

Ондай болса тағдырыңа, ерегесу керек пе?

2
0
1336

Осы тақырып бойынша