Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қу арман-ай, арман-ай, неге алдайсың?

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Саксофон: Юнг Юн Су ( Встреча)

Бейнематериал авторы – Татьяна А.

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Мекен жайын таба алмадым, арманның,

Сиқырлы әлем, қайда сенің тұрағың.

Мақтанасың кей кезде, асып-тасып,

Ал кей кезде қабағың, қалады қатып.

Оңай емес аумалы, тұрған шақта,

Қолым жетті дегенде, алыстайсың.

Сан құбылып, қайтадан шақырғайсың,

Қу арман-ай, арман-ай, неге алдайсың?

Қайран өмір, армансыз, кісі өткен бе,

Не жетсін, арман қуып, іс еткенге.

Мейлі болсын армандар, кейде елес,

Онсыз өмір ағыны, қызық емес.

1
0
524

Осы тақырып бойынша

Қу арман-ай, арман-ай, неге алдайсың? - Yvision.kz