Алматыда ашық аспан астында музыка фестивалі өтеді
Шара 12-13 қыркүйекте Қала күнін мерекелеу аясында өтеді. Екі күн бойы оркестрлік музыканы солистер-аспапшылар мен вокал өнерінің шеберлерінің қатысуымен шығармашылық ұжымдар жүзеге асырады. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі, қаланың эстрадалық-симфониялық оркестрі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетеді. Шараның бірінші күніне "Күйден классикаға дейін" атты концерттік бағдарлама жоспарланған. Аталған бағдарламаға қазақ халқының аспаптық музыка өнер туындылары, классикалық ән өнері, орыс және европалық классикалық әндер кіреді.Екінші күні концерттік бағдарлама мегаполиске арналады. Бұл күнгі репертуарға Алматының өткен…