Туған жерге туыңды тік

Туған жерге туыңды тік! Ресми үш күндік демалысымызды пайдаланып, осы жолы көптен бері ойымда жүрген тағы бір жоспарымды - елге, яғни Торғай өңіріне саяхатымды жүзеге асырдым. Бұл сапардың басты ерекшелігі облыстағы бірегей қорық - "Алтын Дала" резерватының Ұлы Жыланшық, Тосынқұм және Сарықопа учаскелерінің бәріне жетіп, аймақтың флорасының, фаунасының, биологиялық әралуантүрлілігіне куә болдық! Бірінші жетістігіміз ол - Қостанай облысының Жанкелдин және Амангелді аудандары аумағында орналасқан «Алтын Дала» резерватына және өңірдің аталған аудандары мен Арқалық қаласына баруымыз болды.

Екінші – туған ауылыма жетіп, ондағы оң істерді көріп, ата-баба жеріндегі «өлі риза болмай, тірі байымас» деген қағидаттағы жұмыстарды көрдім. Үшіншісі – аймақтың басшылығымен жолығып, қазіргі атқарылып жатқан шаралардан құлағдар болып, өңірдің туризм саласының дамуына зер салып, рухани байып қайттым. Әрине, алдағы уақытта, мүмкіндігінше әр объект бойынша ақпарат беруге тырысамын және 3 күн бойы жүздеген (мың шақырым көлікпен, оның үстіне кешке отырып таңертең түсетін Арқалық пен Нұр-Сұлтан аралығындағы қашықтықты қосыңыз) шақырым алыстықты жүріп өту оңай емес.

Бірнеше күнге созылған экспедициямызға жағдай жасаған Қостанай облысы Жанкелдин ауданының әкімі Шота Сәбитбекұлы Оспанов мырзаға, Жанкелдин ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Қуанышбекұлы Торыбаев мырзаға, Жанкелдин ауданы әкімінің орынбасары Дінмұхамед Серікұлы Бидашев мырзаға, Жанкелдин ауданы әкімінің орынбасары Роза Өтелбайқызы Аққалиева ханымға және Жанкелдин ауданы Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Сәуле Дүйсенова ханымға, «Торғай» мұражайлар кешенінің директоры Гүлбану Құлетқызы Сәрсеке ханымға және Амангелді кентіндегі Иманов атындағы музей қызметкері Камшат Әбжанова ханымға, сондай-ақ, «Алтын Дала» резерватының директоры Дүйсенғали Қалибекұлы Айтпаев мырзаға және резерваттың Табиғи кешендер мен нысандарды қорғау бөлімінің бастығы Серікболсын Қаржаубайұлы Құлжанов мырза мен «Алтын Дала» резерваты «Сарықопа» учаскесінің басшысы Қасқырбай Изатұлы Ізтілеуов мырғаға зор алғыс білдіремін! Белгілі тревел-блогер, талмас саяхатшы Әлия Ахмалишева ханым мен кәсіпқой фотограф Данил Потапов-Поличинский мырза Торғай елінің қонақжайлылығына разы болып, қуанышты көңіл күймен бас қаламызға келген жайымыз бар!
