Қоқан қыпшақтарының қырылуы немесе бір әріптің «ылаңы»!
Қоқан қыпшақтарының қырылуы немесе бір әріптің «ылаңы»!Бала кезімде алыстағы Қоқан қыпшақтарының қырылғаны туралы әкемнен естіген едім, бірақ түйсігім аталарымызды КСРО-ның оқулықтарында «половцы» немесе өзіміз Дәшті-Қыпшақ жұрты деп оқығанымыз болмаса, бұлардың қазаққа қандай қатысы бар деп ойлайтып едім. Дегенмен, қазіргі қазақ құрамындағы қыпшақ тайпасы мен бағзы заман – қыпшақ этнонимінің айырмашылығы барын да айтуымыз керек. Салыстырмалы түрде бергі уақыттағы «Қара Қыпшақ Қобыланды» жырында: «Кешегі өткен заманда, Дін мұсылман аманда, Қарақыпшақ Қобланды, Атасы мұның Тоқтарбай Халықтан асқан болды бай. Байлығында есеп жоқ, Айдалып бағып жайылды Төрт түлік малдың бәрі сай. Жаз жайлауы Көздікөл, Көздікөлді жайлаған Қалың Қыпшақ жағалай. Тоқтарбайдың дәулеті — Ішкені мас, жеген тоқ, Бай…
