Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жол мұраты жету

Қазақстандағы басты мәселелердің бірі әрине жол проблемасы. Тақтайдай түзе жолды көргенде рахаттанатының шын ғой, ал шұрқ тесік жолдар қарныңды аштырады.. Осы жақында елге бардым. Елсізбен, жолсызбен жүрдік, жүргізушілеріміз мықты. Жолда адаспадық, қиыншылық көрмедік. Бастысы «Алтын Дала» резерватын толық аралап шықтық. Ал, ұзындығы 288 шақырым болатын Арқалық-Торғай трассасымен жүйткіп жүрдік, тек бір 23 шақырымы ғана қалыпты, құдай қаласа күзге дейін ол жолда толық жөнделіп бітеді екен. Жол демекші, туған ауылым Көкалатқа қарай Шұбалаңнан басталған көтерме жолды жөндеуге 800 млн. теңге бөлініпті. Сол қатардағы бір көпірдің ретке келтіріліп жатырғанына куә болдық. Жалпы, Торғай өңірінің (Амангелді және Жанкелдин аудандарының) жолдарын жөндеуге республикалық һәм облыстық бюджеттен 2,3 млрд. теңге бөлінсе, кейін тағы 1 млрд. қаражат қарастырылыпты. Жол тіршілік көзі ғой, айтқандай тағы екі-үш жылда Дүниежүзілік банк қаржыландыратын Нұр-Сұлтан-Арқалық-Торғай-Ырғыз жолының да құрылысы басталып қалар! Лайым солай бола берсін! Суретте Торғай-Арқалық трассасының бойы! Фотоға түсірген Данил Потапов-Поличинский!

0
0
1186

Осы тақырып бойынша