Мазмұнға өту
Masa77

Ернар Масалим

@Masa77

Сайтта 2015 ж. 26 наурызКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

99

жазбалар

156

пікірлер

221

тіркелуші

81

жазылу

1

Тіспен туған Қоңыр бақсы

Әр халықтың өзінің ұлылары туралы аңыздары бар. Сайыпқыран Шыңғысханның бабаларын анасы Алан Қауа киіз үй шаңырағынан түскен күн сәулелі адамнан көтерген екен. Шыңғысханнан мың жылдан астам уақыт бұрын өмір сүрген христиан дінінің негізін қалаған Иса пайғамбардың да дүниеге келу аңызы осындай. Ол да көктен жаралған екен. - Мұрат Аджи айтып жүргендей, христиан дінінің канундері көшпенділердің Тәңірге сыйынатын дінінен туындайтыны рас болса керек. - Хакім Абай да дүниеге келгенін еске алғанда, айналам-қызыл жасыл болды деген екен. Онысы, үйдің ішінде айнала боялған жүн ілініп тұрған екен. Осы әңгімелердің төркінін «ғылыми» тұрғыдан түсіндіргісі келген Лев Гумилев, ұлылар ана құрсағында күн радиациясының әсерінен оң мутацияға ұшырап пассионарий болып болып туады дейді (қазақтың «күші тасқан»…

0
0
536

Шыңғысханның «моңғолдығы» жөніндегі күмән негізінде шежіресіндегі есімдерден басталады

... Шыңғысханның «моңғолдығы» жөніндегі күмән негізінде шежіресіндегі есімдерден басталады. Құдай-ау, Шыңғысханның есімі Южмагийн, сойы Цеденбал немесе Халтмаагийн Баттулга (қазіргі Моңғолияның президенті) болса, кім таласар еді ол қазақ деп. Ал аталары Бұқа, Қабыл, Қайду, Байсұнқар болса, қайтып қарап отырады қазақ демей. Түркі тілін табиғи білмейтін орыс пен батыс мәдениетіндегі адамға (ғалымға) ғана олар «монгол» есімдері болып көрінуі мүмкін.Жалпы, «монгол» тілі қазақ тілімен бірге шартты Алтай тіл тобына жатқызылғанмен, табиғаты қазақ тілінен мүлдем басқа, фонетикасы (дыбыстануы) бөлек. Мысалға, біз «моңғол» дейміз, ал оларда «ң», «ғ» дыбыстары атымен жоқ. Ұлттың дұрыс атауы - «монгол». Өздері солай жазады. Сонымен, қазақ тілінде бар дыбыстар – увулярлық қ (орысшасы әдемі «увулярный…

0
0
570

Арғын Аға

I. «АРҒЫН» ЕЛЕСІМІ МЕН «АРҒЫН» АТАУЫ ТУРАЛЫШәкерім Құдайбердіұғлы «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресінде» Арғын атауының «қисындысы түрік орхонский надпистағы Ұлығ Ерген деген сөз сықылды көрінеді», Аристовқа сүйене отыра «қара қытайдың алғашқы ханы Амбахан тұсында Байергун, яғни Арғын айтылады» дейді.Парсы ғұламасы, Шыңғыс ханның ең шынайы, деректі тарихын жазған Рашид ад-дин Фазлуллах Хамадани өзінің «Жамиғ ат-тауарихында» «Шың сөзді түркі тарихшыларының айтуы бойынша мұғұлдың барлық рулары Ергене қонға кеткен екі кісінің нәсілінен тарайды» деп көрсетеді.(Шыңғыстанудың бірегей ғұламасы Шыңғыс ханның жұртын дәл осылай атайды – muğul, «мұғұл»).«Ергене қонда жетпіс ошаққа от жаққандар» - «жаудан қашып адам бара алмайтын қиын жерге бір кішкене әрі жүріп өтуі өте қиын соқпақпен таудың о…

0
0
1678

Өкінбен!...

Мен бір қазақтай әлем әдебиетін, әлем поэзиясын білем. Небір ғажап дүниелер бар онда. Әсіресе рухты бекітетін жапонның «Хагакурэ»-сі, Хокку мен Танка-сы, Лонгфелло-ның «Гайавата жыры»... тағысын тағы, толып жатыр кереметтер... бірақ мынадай рухты бекітіп қана қоймай, оны әспететтейтін, шыңдайтын дүниелер, кесіп айтам, кездестірмедім:

... Арыстандай екі бұтын алшайтып,

Арғымақ мінген өкінбес,

Кілең бұздай кілшейтіп,

Көбелер киген өкінбес,

Жұпарын қардай боратып,

Арулар құшқан өкінбес, - !!!!

Торы төбел ат мініп,

Той тойлаған өкінбес,

Құрама шаппақ көп қымыз

Құйып ішкен өкінбес,

Екі арыстан жау шапса,

Оқ қылқандай шансылса,

Қан жусандай егілсе,

Аққан судай төгілсе,

Бетегелі сарыарқаның бойында

Соғысып өлген өкінбес!

(Аймадет Ер Доспамбет, XV ғасыр)

0
0
333

Кеңгірбай Би: Құландай жөңкіліп ата-бабамыздың қонысы Шыңғысқа келдік...

Жалғасы. Осы тақырыптағы алдыңғы зерттеулер: "Найман & Арғын. Аралас тарих" https://yvision.kz/post/888335; "Тобықты - Арғынның бір бұтағы" https://yvision.kz/post/892097; Елатан - Тобықты https://yvision.kz/post/892334; Жандос-Жігітек батыр https://yvision.kz/post/892702; Ер Мамайдың алдында шаһид болдым, өкінбен! https://yvision.kz/post/893577Ес білгенімнен санамнан сакралды орнын алған – Би Ата Кеңгірбай... Олай да емес. Кеңгірбай - «табуланған» (табуированный), жайшылықта айтуға тыйым салынған есім. Тек «Би атам» деуге болады. Ант-су ішкенде басқа балалар Ленинді аузына алғанда («Ленин атсын» дейтін) біз ең үлкен сертті Би Атамның атымен беретінбіз. Тілеухан апам көзі көрмей қалғанда Би Атамның басына барып түнеп көз ашылып сауығып келген. Сондықтан бала кезімнен маған «Би Ата» мен «К…

0
0
3189

Ер Мамайдың алдында шаһид болдым, өкінбен!...

Жалғасы. Осы тақырыптағы алдыңғы зерттеулер: "Найман & Арғын. Аралас тарих" https://yvision.kz/post/888335; "Тобықты - Арғынның бір бұтағы" https://yvision.kz/post/892097; Елатан - Тобықты https://yvision.kz/post/892334; Жандос-Жігітек батыр https://yvision.kz/post/892702.Жандос-Жігітек қазіргі қолда бар мәліметтер бойынша 1715 жылы туылып, 1752 жылы дүниеден өткен. Баласы Кеңгірбай Абылайға жөнің айтқанда жуырда ғана шейіт болған. Кеңгірбай онда он жеті жаста. Жазба деректер бойынша бұл жылдары (1740-1755) қазақ аламанының Бас Сардары Хас Батыр Қаракерей Қабанбай болған. Кеңгірбайдың әкем «оққа ұшқанда атыңызды Құдайға айтып үш күн жер бауырлап жатып алып жылаған едіңіз» дегеніне қарағанда, Абылайдың өзі қатысқан ұрыста қайтыс болған болу керек. Бүл кезең қалмақтарды қазақ даласынан, Шың…

0
0
3447

Жандос-Жігітек батыр

Жалғасы. Осы тақырыптағы алдыңғы зерттеулер: "Найман & Арғын. Аралас тарих" https://yvision.kz/post/888335; "Тобықты - Арғынның бір бұтағы" https://yvision.kz/post/892097; Елатан - Тобықты https://yvision.kz/post/892334..... Таупиқты-Тобықты бабамнан кейін мені бала кезімде қатты қызықтырған Жандос (Жігітек) батыр болды. Нағашы атам Қабылхақ көңілі түскенде үйдің көлеңкесінде отырып, басы ұшталған жеңіл аллюминий таяғымен жерді шұқып, құлақшаларын жіппен орап қойған көзілдірігін түзеп қойып, Тобықты аталарым туралы әңгімелерін бастайтын. Әсіресе мен Ушелишеден (училище, ПТУ, Қарауылдан үш-төрт шақырым жерде, атам сонда запқоз) Қарауылға барып Рақыш атаның үйінен қымыз алып келгеннен кейін аузы майланып көңілі дұрысталғанда - ұзағынан түсетін. Міндетті түрде бірінші менің сабағымды сұрайды…

0
0
2537

Елатан-Тобықты

Жалғасы. Осы тақырыптағы алдыңғы зерттеулер: "Найман & Арғын. Аралас тарих" https://yvision.kz/post/888335; "Тобықты - Арғынның бір бұтағы" https://yvision.kz/post/892097Тобықты еліне атын берген тұлға-персонаның тарихы мың түрлі. Арғынмен "шала байлауда" болғанының гәпі осында болар. Ахат Шәкерімұлы бір ашынғанда жазған болу керек: «Кей елдердің тобықтыға жаппайтын жаласы жоқ. Тобықты күңнен туған, шешесі төр төбел (кей аңызда ақ бөз, ақ табан) аттың бәйгесіне берілген. Түйенің шаңырағына мініп келген күңнен туған, шешесі уы бар құдықтың суына жерік болған. Кейбіреулер – Қарақожаның қолында Иван деген орыс жігіті жүріпті, сол жігіт Тобықтының шешесімен көңіл қосыпты, Тобықты сонан туған дейді. Сөйтіп, қысқасы тобықтыға жаппайтын жала жоқ. Мейлі, Тобықты қайдан шықса, онан шықсын, Құнанба…

0
0
2160

Тобықты - Арғынның бір бұтағы

Жалғасы. Басы: "Найман & Арғын. Аралас тарих": https://yvision.kz/post/888335XIII ғасырда Ұлы Қаһан Шыңғысхан киіз туырлықтының бәрінің басын біріктірем, Мәңгілік Түрік Елің жаңғыртам деп, қазіргі заманауи тілмен жеткізгенде далалық террорды, тайпа аралық соғыстарды тоқтату, сепаратизмды, трайбализмді жою мақсатында байырғы түркі тайпаларын көжедей араластырып біріңғай «мұғұл (маңғұл)» полиэтникалық қауымын құрмақшы болды. Аламан әскер халқын түмен, мыңдық, жүздіктерге бөліп, бір ұлыстың көсемін екіншіге басшы қойды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін тайпалық сана қайта күшейді...Қазақ «Арғын» қауымы (тайпасы) сол кезде, XV ғасырдың ортасында қалыптаса бастаса керек. Мәшһұр Жүсіп «Біздің Арғынның ар жақ, бер жағында Қидан (Қодан, Қотан) Тайшы(дан) (басқа) ешкім аталған жоқ. Дайырқожаның әкесі…

0
0
5091

Найман & Арғын. Аралас тарих.

Батыс ғылыми этнографиясында «аванкулат» деген ұғым бар. Қызық нәрсе. Подвигнуло меня даже на исследование «Аванкулат не ұзынқұлак». Бір-екі сөзбен, қазақтың тілімен айтқанда - нағашы жұртты әспеттеу, ардақтау, ата жұрттан кем көрмеу. Бұндай тәлім әлемде санаулы ұлттарда ғана бар, дені - көшпелілер. Қызығы, Еуропадағы теңіз көшпелілері «vikingler(де)» де бар. Олардың аңыздарында арғы аталары Ас тайпалары («Ас» Құлтегін жазуында да кездеседі) Қара теңіз бен Азау жағалауынан солтүстік Еуропаға көшкен. Азау жағасындағы Азаулы қаласын біздің Доспамбет «Азаулының Истамбулдан несі кем?!» деп жырлаған. Викингтердің құдай көсемі Одинді (сөлтүстік көне жырларында шын есімі Sigge-Igge-Ege делінеді) әкесімен бірге нағашы атасы Белторн тәрбиелеген, өсіп-жеткеннен кейін қолына «қырық серкешін» тапсырғ…

0
0
4468