Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Түс дегеніміз не?

Түсімде жардан құлап бара жатқандай болып оянып кетемін. Бала кезімде осындай түстер жиі болатын. Кейін өсе келе баспалдақпен көтеріліп келе жатып, баспалдақ бітіп қалғаны не болмаса жете алмас алыста жалғасатыны бар еді. Оянғанда тағы да бір өкініш пайда болатын. Сонымен бізді тус көруге не итермелейді? Ғалымдар түс біздің күндіз болған оқиғаны санамызда қорытып түнде түс ретінде көруіміз деп айтады. Солай болса да кейбір түстер тапсырыс бойынша болатындай. Мысалы, мемлекеттік емтихан тапсырар кезде Андронов мәдениеті деген билет алғаным бар түсімде, емтихан кезінде тура сол билет түсті.

Түсінде ғылыми жаңалық ашқан ғалымдар қаншама? Периодикалық кестені ойлап тапқан Д.И.Менделеевтің мысалын бәрі біледі, ол түсінде кестені көрген, оянғанда жаңалық ашқанын сезген. Айта берсек жаңалықтарын осы жолмен ашқан ғалым көп. Қазіргі уақытта адам санасын зерттеушілер кейбір түстерді тапсырыс ретінде көруге болатынын да айтады. Яғни жаңалық ашам деп күйзелмей-ақ, санамызға белгілі бір тапсырма беріп, ұйқыға жатсақ, түсімізде сол тапсырманың шешуін көруіміз бек мүмкін.

Біз түс көргенде ол түстің көбісі біздің ойымыздан өшіп қалады, есте қалатын түстер тек оянар алдындағы түс. Ал сол түсті басқару біздің қолымыздан келе ме? Біздің санамыздағы мазалайтын ойға байланысты кейде миымыз бізге өз шешуін береді. Сондықтан ояна салып қайта ұйықтап көрген абзал болады. Мысалы, уақыт тығыз болмайтын демалыс күндері, апта бойы немесе өмір бойы мазалап жүрген бір мәселені жексенбі таңында оянғанда еске алып, қайта жатса, сана оны қорытып, бір жауабын берері анық.

Сонымен түс түлкінің б*ғы демей, бейсана күйімізден жауап алып көруге болады екен.

4
0
3917

Осы тақырып бойынша