Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ата, сені сағындым..

Балалық шағымның ең улкен кейіпкері болған атам 1995 жылы қайтыс болды. Оның кеткеніне сонша жыл болса да, сенгім келмейді. Ол біздің қонаққа бара алмайтын алыс елге кеткен деп сендірдім өзімді. Осылайша жылдар жылжып өте берді.

Кейде пенде болғандықтан, атам ерте кетпегенде біз қалай болар едік деп ойлаймын. Мүмкін, туысқан аралық қатынастарымыз берік болар ма еді? Ол жағын кім білген ... адамның ғұмыры соншалық қысқа деген ойға қаламын сосын.

Бірде біздің атамыз деп папамның інісінің қызына айтып едім, ол түсінбеді, сенің папаңның папасы деп едім, тағы да түсінбеді. Сенің папаң мен менің папамның папасы деп едім, тіптен шатасып, маған күле бастады, не болып кетті дегендей. Ата сенің папаң ғой, деп күлді маған. Әрине, менің папам сіңліме кәрі болып көрінеді.

Менің атам тек үлкен немерелерінің есінде қалған екен деп ойладым, атам қайтыс болғаннан кейін туылғандар менің папамды ата деп кеткен еді, атамның үлкен ұлы болғандықтан. Қайран дәурен, ал мен атамды сағындым...

Кішкентай кезімде атамнан сұрайтын едім, сенің атың кішкентай кезіңде қазіргідей болды ма деп. Иә, адамның аты өзгермейді деген атам. Атамның есімі тек қарт кісілерге арналған есім сияқты болып тұратын. Сенгім келмеді. Сонда мен қартайғанда менің атым өзгермейді ме деп те сұрағам. Өзгермейді деген. Маған апа деп айтқан ерсі көрінген, дым жараспайды деп ойладым. Балалық шақ - балалық ой.

Атамды танығаныма қуанамын сонда да, жатқан жерің жайлы болсын, аташым.

2
1
13072

Осы тақырып бойынша

Ата, сені сағындым.. - Yvision.kz