Мазмұнға өту
jhasik

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

@jhasik

Сайтта 2016 ж. 19 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

132

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылу

1

Ашық есік күні өткізілді

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне сенім білдіру, сонымен қатар сот төрелігіне қолжетімділікті көтеру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Азаматтарды кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева қабылдады. «Ашық есік күні» құқықтық мәдениетті көтеруде маңызды рөлді атқарады, әділет қызметшілерінің аса күрделі құқықтық мәселелерді шешуге көмектеседі. Азаматтар кеңсе меңгерушісіне құқықтық сипаттағы проблемалық мәселелермен қабылдауына жүгінді. Келушілерге құқық қолдану практикасы бойынша жан-жақты жауаптар берілді. Азаматтарға талап арыздардың, апелляциялық шағымның үлгілері көрсетілді. Іс-шара соңында Алматы қаласы тұрғындары алғыстарын білдірген болатын

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

Ашық есік күні өткізілді

2018 жылдың тамыз айының 28-ші жұлдызында Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдинетті көтеру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін көтеру, мақсатында аталған соттың судьясы А.А. Кушербаеваның және сотта келуші тараптардың қатысуымен ашық есік күнін өткізілді. Аталған іс-шара шегінде неке және отбасылық заңнамамен реттелетін туындаған сұрақтармен, кәмелетке толмаған балаларды бағу үшін алимет өндіру және сот актілерінің орындалуы, әкелікті таныту, ата-аналық құқықтан айыру туралы сұрақтармен жүгінді. А.А. Кушербаева аталған сұрақтарға қолданыстағы заңнама нормалары негізінде жауап берді. Аталған іс-шаралар халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдинетті көтеру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін котеру, сондай-ақ, әділді…

«Мемлекеттік қызметшілердің  Әдеп кодексі»

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында сот төрағасы Қ.А. Термокамер, кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаеван мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары, сыртқы бейнесі, еңбек тәртібін сақтауы және сотқа келген азаматтармен сыпайы сөйлесуы туралы талқыланды. Сот төрағасы Қ.А. Ермеков : «Мемлекеттiк қызметкер – бұл мемлекет пен қоғамдың азаматқа деген арнайы сенімін білдіргені. Сондықтан, демалыс күндері Сіздерге ескертемін, әрбір мемлекеттік қызметкер қайда болса да қоғамда қалыптасқан моральдық-әдептілік ережелерді және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін міндетті түрде сақтау қажет. Себебі, Сіздердің жақсы немесе теріс іс-әрекеттеріңіз арқылы қоғамд…

"Қоғамдағы әйелдердің алатын орны" атты тренинг

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында Қазақстан Республикасының гендерлік саясатын жүзеге асыруда азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының гендерлік саясаты» тақырыбында тренинг өтті. Аталған тренингке сот қызметкерлері қатысқан болатын. Тренинг модераторы болып И.А. Кумысбаева сөз сөйледі. Өзінің алғы сөзінде ол қазіргі заманауи әлемдегі әйелдің орны, оның құқықтары, мүмкіндіктері мен алдында тұрған сын-тегеуріндері жайлы айтып өтті. Сонымен қатар тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан Республикасы әйелдің құқықтары мен мүдделерін қорғау аясында белгілі бір жетістіктерге жетіп отырғанын баса айтты. Елімізде жыныс бойынша теңдік заңи түрде бекітілген. Қазақстан Республикасы Конституциясына сай бәрі заң алдында тең, әркімнің өмір сүруге, жеке бостандығына , жеке өмі…

0
0
100

«Сот актілерін мемлекеттік тілде сауатты жазу» тақырыбында тренинг өткізілді.

Алматы қаласының Жетісу аудандық сотында сотында «Сот актілерін мемлекеттік тілде сауатты жазу» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингкесот төрағасы Қ.А. Ермеков және сот судьялары қатысты және қатысқан болатын. Айтылған іс-шарада сот актілерін мемлекеттік тілде сауатты жазу туралы мәселе талқыланып, зерттелді. Сот төрағасы Қ.А. Ермеков., Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып табылады, сол себепті мемлекеттік тілге деген талап және оның мәртебесі мемлекеттік тілдің жұмыс істеу үлгілерінің параметрлеріне негіз болып табылуы қажет. Барлық дәрежедегі мемлекеттік органдар қазақ тілінің мемлекеттік статусын жүзеге асыру үшін жауапты болып табылады. Іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу жұмыстарына және мемлекеттік тілді қолдану тәжірибесіне сарапт…

«Жемқорлықпен күрес – ортақ іс»

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы –2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында: Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру» делінген.Демократиялық институттар мен құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай-ақ одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін түйткілді мәселелермен сыйы…

0
0
102

Тіл байлығы – ел байлығы

Туған елім – тірлігімнің айғағы, тілім барда айтылар сыр ойдағы, Өссе тілім, менде бірге өсемін, өшше тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі. В.И.Ленин: "Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы” – дейді. Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымда…

0
0
189

"Гендерлік саясаттың дамуына бағытталған" тренинг болып өтті

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотта кеңсе меңгерушісі және сот мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасының гендерлік саясатына арналған тренинг өткізілді. Қоғамда ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуді көздейтін Қазақстанның заманауи мемлекеттік саясаты жыныс белгісі бойынша кемсітушіліктердің барлық түрлерін еңсеруге, ерлер мен әйелдердің еңбекте, қоғамдық және жеке өмірінде қабілеттерін толық іске асыруы үшін саяси алғышарттар мен қажетті әлеуметтік жағдайлар жасауға бағытталған. Семинар барысында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы талдап, мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін әйелдердің әлеуметтік және еңбек мәртебесі, олардың отбасылық ролі сондай ақ маңызды мәселенің сипаттап берді. Іс-шараның барысында Әйелдерді к…

"Сот ғимаратына кіргізу тәртібі Ережелері" атты тренинг

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында сот қызметкерлері мен приставтарының қатысуымен ғимаратқа кіргізу тәртібінің ережелерін сақтау атты тренинг өткізілді.Семинар барысында қатысушылар еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау қажеттігі туралы, сот ғимаратында белгіленген тәртіп бойынша бақылауды жүзеге асыруға қатысты сұрақтарды талқылады.Сот төрағасы өз сөзінде, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпті сақтау мақсатында ағымдағы жылы сот аумағына өткізу және ішкі обьектілік режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету ережесі енгізілгенін айтты.Жетекші маман Ж.С Еденбаева , «Жаңартылуларға сәйкес, сот процесіне қатысушылар жазатын құрылғыларды, есептегіш техниканы, мобильдік құрылғыларды көпшілік кіретін бөлігіне кіргузіге рұқсат берілгенін», - түсіндіріп өтті.Семинар жұмысының қорытындысы бо…

0
0
125

"Электрондық сот төрелігі" атты семинар

2018 жылдың маусым айының 22-ші жұлдызында «Сот кабинеті» қызметін ақпараттандыру және насихаттау сонымен бірге, өзекті мәселелерді талқылау мақсатында, Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында "Электрондық сот төрелігі" тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Іс-шараға кеңсе меңгеруші мен соттың мемлекеттік қызметкерлері қатысты. Жетекші маман Ж.Б. Жолдыбай сот төрелігін жүзеге асырудың ұтқырлығын және ашықтығын көтеруге сонымен бірге, сот өндірісінде сыбайлас жемқорлық жағдайын болдырмауға бағытталған, озық IT-технологияларды және ақпараттық жүйелерді шоғырландыруды кеңінен енгізілгенін атап өтті. Сондай-ақ, Ж.Б. Жолдыбай электронды сот төрелігінің сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, оның жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталғанын, оның түпкілікті қызметі халықтың сот жүйес…