«Сот актілерін мемлекеттік тілде сауатты жазу» тақырыбында тренинг өткізілді.
Алматы қаласының Жетісу аудандық сотында сотында «Сот актілерін мемлекеттік тілде сауатты жазу» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренингкесот төрағасы Қ.А. Ермеков және сот судьялары қатысты және қатысқан болатын.
Айтылған іс-шарада сот актілерін мемлекеттік тілде сауатты жазу туралы мәселе талқыланып, зерттелді.
Сот төрағасы Қ.А. Ермеков., Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып табылады, сол себепті мемлекеттік тілге деген талап және оның мәртебесі мемлекеттік тілдің жұмыс істеу үлгілерінің параметрлеріне негіз болып табылуы қажет. Барлық дәрежедегі мемлекеттік органдар қазақ тілінің мемлекеттік статусын жүзеге асыру үшін жауапты болып табылады. Іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу жұмыстарына және мемлекеттік тілді қолдану тәжірибесіне сараптама жүргізіледі. Жоғарғы сотпен бірінші сатыдағы соттардың сот әділдігін жүзеге асыру бойынша жұмысын тексерумен бірге мемлекеттік тілде істерді қарау ағымы да тексерілетіндігін атап айтты.
Іс шара барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.

