Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Гендерлік саясаттың дамуына бағытталған" тренинг болып өтті

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотта кеңсе меңгерушісі және сот мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасының гендерлік саясатына арналған тренинг өткізілді.

  Қоғамда ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуді көздейтін Қазақстанның заманауи мемлекеттік саясаты жыныс белгісі бойынша кемсітушіліктердің барлық түрлерін еңсеруге, ерлер мен әйелдердің еңбекте, қоғамдық және жеке өмірінде қабілеттерін толық іске асыруы үшін саяси алғышарттар мен қажетті әлеуметтік жағдайлар жасауға бағытталған.    

  Семинар барысында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы талдап, мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін әйелдердің әлеуметтік және еңбек мәртебесі, олардың отбасылық ролі сондай ақ маңызды мәселенің сипаттап берді.           

  Іс-шараның барысында Әйелдерді кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның ережелерге байланысты мәселенің бетін ашып, оларды Қазақстан Республикасында қолдану мүмкіндіктерді қаралған.

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

Осы тақырып бойынша

"Гендерлік саясаттың дамуына бағытталған" тренинг болып өтті - Yvision.kz