Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мемлекеттік қызметшілердің  Әдеп кодексі»

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында сот төрағасы Қ.А. Термокамер, кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаеван мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің  Әдеп кодексі» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары, сыртқы бейнесі, еңбек тәртібін сақтауы және сотқа келген азаматтармен сыпайы сөйлесуы туралы талқыланды.

Сот төрағасы Қ.А. Ермеков : «Мемлекеттiк қызметкер  – бұл мемлекет пен қоғамдың азаматқа деген арнайы сенімін білдіргені. Сондықтан, демалыс күндері Сіздерге ескертемін, әрбір мемлекеттік қызметкер қайда болса да қоғамда қалыптасқан моральдық-әдептілік ережелерді және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін міндетті түрде сақтау қажет. Себебі, Сіздердің жақсы немесе теріс іс-әрекеттеріңіз арқылы қоғамда сот жүйесі және мемлекеттік органдар туралы пікір қалыптасады. Сондықтан, Сіздердің істеген әрекеттеріңіз мемлекеттік қызметкердің беделіне кір келтірмеуі керек. Осыны ұмытпаңыздар!»

Іс-шара соңында сот төрағасы Қ.А. Ермеков жылдын жылға сот қызметкерлеріне және судьяларға шағымдардың азайып, азаматтардың со жүйесіне деген сенімі күннен күнге артып келе жатқанын айтып, ары қарай осылай жұмыс істеу қажет екенін атап өтті.

Осы тақырып бойынша

«Мемлекеттік қызметшілердің  Әдеп кодексі» - Yvision.kz