"Электрондық сот төрелігі" атты семинар
2018 жылдың маусым айының 22-ші жұлдызында «Сот кабинеті» қызметін ақпараттандыру және насихаттау сонымен бірге, өзекті мәселелерді талқылау мақсатында, Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында "Электрондық сот төрелігі" тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Іс-шараға кеңсе меңгеруші мен соттың мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Жетекші маман Ж.Б. Жолдыбай сот төрелігін жүзеге асырудың ұтқырлығын және ашықтығын көтеруге сонымен бірге, сот өндірісінде сыбайлас жемқорлық жағдайын болдырмауға бағытталған, озық IT-технологияларды және ақпараттық жүйелерді шоғырландыруды кеңінен енгізілгенін атап өтті.
Сондай-ақ, Ж.Б. Жолдыбай электронды сот төрелігінің сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, оның жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталғанын, оның түпкілікті қызметі халықтың сот жүйесіне деген сенім деңгейінің өсуіне негіз болып табылатындығын атап өтті. Бұдан әрі сот жүйесіне енгізілген жаңа ақпараттық технологиялар туралы, оның ішінде «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі мен «Төрелік» жүйесінің мүмкіндіктері жайлы айтып берді.
Семинар сабағының соңында қатысушылар өздерінің пікірлерімен бөлісті.
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

