"Сот ғимаратына кіргізу тәртібі Ережелері" атты тренинг
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында сот қызметкерлері мен приставтарының қатысуымен ғимаратқа кіргізу тәртібінің ережелерін сақтау атты тренинг өткізілді.
Семинар барысында қатысушылар еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау қажеттігі туралы, сот ғимаратында белгіленген тәртіп бойынша бақылауды жүзеге асыруға қатысты сұрақтарды талқылады.
Сот төрағасы өз сөзінде, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпті сақтау мақсатында ағымдағы жылы сот аумағына өткізу және ішкі обьектілік режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету ережесі енгізілгенін айтты.
Жетекші маман Ж.С Еденбаева , «Жаңартылуларға сәйкес, сот процесіне қатысушылар жазатын құрылғыларды, есептегіш техниканы, мобильдік құрылғыларды көпшілік кіретін бөлігіне кіргузіге рұқсат берілгенін», - түсіндіріп өтті.
Семинар жұмысының қорытындысы бойынша, сотқа келушілерді өткізу режимі бойынша тиісті нұсқаулықтар берілді.
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

