Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

ОАР-да діни конференцияға бара жатқан 45 адам жол апатынан қаза тапты

Діндарларды Ботсванадан Оңтүстік Африка Республикасының Лимпопо провинциясындағы Пасхалдық конференцияға апара жатқан автобус көпірден құлаған.

undefined

Жол апатынан 45 адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақат алды.

Автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жартастар арасындағы көпірдің жақтауына барып соққан. Соның салдарынан көлік аударылып кетеді. Сосын ол өртенген.

Тірі қалған 8 жасар қыз екен. Ол әуе көлігімен ауруханаға жеткізілген.    

0
0
252

Бау-бақша ұжымдарының 1400-ден астам тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылды

undefined

ТЖД, ЖАО, ПД күштерімен бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын алдын-ала эвакуациялау жалғасуда.

1417 адам эвакуацияланды, оның ішінде 623 бала эвакуациялау пункттеріне орналастырылды.
Ауа-райының күрт жылынуы салдарынан Ақтөбе қаласындағы Елек өзені бойында бау-бақша ұжымдарындағы үйлерге еріген қар суы кіру қаупі туындады.
Осыған байланысты облыс әкімі төрағалымен жоспардан тыс Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өткізілді.
Отырыс нәтижесі бойынша Ақтөбе қаласы Елек өзені бойындағы бау-бақша ұжымында тұратын халықты уақытша орналастыру орындарына көшіру туралы шешім қабылданды.
t.me/qr_tjm

0
0
282

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Боао Азия форумының төрағасы, Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының Президенті Пан Ги Мунмен кездесу өткізді.Қазақстан Президенті Боао форумына қатысуға шақырғаны үшін Пан Ги Мунға ризашылығын білдіріп, оның БҰҰ Бас хатшысы қызметін атқарған кезде әлемдік қауымдастыққа елеулі еңбек сіңіргенін атап өтті."Менің пікірімше, Сіз Біріккен Ұлттар Ұйымы тарихындағы ең үздік бас хатшылардың бірі ретінде қызмет еттіңіз. Екі жарым жыл Сіздің жетекшілігіңізбен жұмыс істеу мен үшін керемет кезең әрі зор мәртебе болды", – деді Президент.Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосқанын айтты."Сіз Қазақстан Президенті ретінде өңірдегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға, адамзат пен БҰҰ-…

0
0
265

Шетелдіктерге жасалатын дактилоскопия жемісін беріп жатыр - вице-министр

Фото: ©Sputnik

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха шетелдіктер үшін дактилоскопиялық тексеру енгізудің нәтижесі ойдағыдай болып жатқанын айтты.

"1 қаңтардан бастап елге келетін шетелдіктер үшін міндетті дактилоскопия енгізгенімізді білесіздер. Бұл шара қазір жүзеге асырылып жатыр. Соның нәтижесінде жыл басынан бері елімізге өтіп, осында қалып қоймақ болған 10 қылмыскерді анықтадық", - деді Лепеха.

0
0
277

Ақтөбенің орталығын су басып қалды

Ақтөбе қаласының қақ ортасынан өтетін Сазды өзені тасып жатыр.

Өзенде таңнан бастап сел жүріп, мұз бөліктері кептеліп қалған. Содан судың жүруіне кедергі келіп, ол арнадан аса бастайды. Сөйтіп, қаланы су басып қалды.

Ақтөбе облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, мұздың қалыңдығы - 40-50 см.

"Мұз кептелісін жою мақсатында жергілікті атқарушы орган, әскери қызметкерлер, ТЖД, полиция қызметкерлерінен 157 жеке құрам, 50-ден аса техника жұмылдырылды. Бірінші кезекте өзенді мұздан тазалау жұмыстары қолға алынып жатыр. Құм, инертті материалдар үздіксіз тасымалданады. Әскерилер қапқа құм толтырып, жағаларды бекіту жұмыстарына кірісті", - деді Жүнісов.

0
0
289

Өткен түнде су басқан ауылдардан 150-ден астам тұрғын эвакуацияланды

Осы түні ҚР ТЖМ Республикалық жедел штабының үйлестіруімен Жаңақала, Екіді, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдарының және Қостанай облысының 9 қыстағының тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді. Іс-шара Қорғаныс министрлігінің Әуе кемелерінің көмегімен өтті. 150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды, олардың 63-і кәмелетке толмағандар. Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілді.

t.me/qr_tjm

0
0
367

Тоқаев Қытайдың Боао қаласына Азия форумына қатысуға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Халықаралық конференциялар орталығына келді.
undefined
Мемлекет басшысын БАФ директорлар кеңесінің төрағасы Пан Ги Мун мен Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзи қарсы алды.

0
0
234

«Мен қылмыс жасадым ба, білмеймін» - Бишімбаевпен бірге айыпталушы

Бүгін бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевпен бірге сотталып жатқан Бақытжан Байжанов та судьяның сұрақтарына жауап берді.

«Құрметті сот, бейнежазбаны өшіріп тастауды, Салтанаттың телефонын үйіне апаруды сұрағаным рас. Қылмыс жасадым ба, білмеймін. Ол кезде мен Салтанаттың өлгелі жатқанын немесе өлгенін білген жоқпын. Қылмыс жасадым ба, білмеймін», – деді ол.

Бишімбаевқа туыс болып келетін Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыпталуда. Олар – аса ауыр қылмысты жасыру және ол туралы хабарламау.

Айта кетейік, Байжанов – қанды оқиға болған «Гастроорталықтың» директоры.

0
0
337

Бишімбаев кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді

Бүгін әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы басталды. Бишімбаев өзіне сөз берілген кезде прокурорлар таққан айыпты мойындамайтынын мәлімдеді."Менің ешқайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде де, еш жерде оқиғаның қалай болғанын айтуға мүмкіндігім болмады. Прокурорлардың қазір оқығандарының көбі жалған, расталмаған және дәлел жоқ. Сондықтан 110-бап бойынша мұндай қылмыс менің тарапымнан ешқашан жасалған жоқ, мен оны мойындамаймын. Мен толық көлемде емес, адамды ерекше қатыгездікпен қасақана өлтіру бойынша айтып отырмын. Түсіндіруге мүмкіндігім болады деп үміттенемін", - деді айыпталушы. Айта кетейік, бұл соттағы айыпталушылар орындығында Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов та отыр. Ол қылмысты жасырып қалды, ол туралы ти…

0
0
200

Блинкен: «АҚШ Қазақстанның көптеген жаһандық мәселелердегі шынайы көшбасшылығын мойындайды»

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Вашингтонда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесу өткізді.Фото: gov.kzКездесу барысында ҚР-АҚШ саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің үдемелі даму жайы талқыланды.М.Нұртілеу Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының теңдестірілген сипатын атап өтіп, озық америкалық технологияларды тарту, екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту және өзара тиімді сауда қатынастарына қол жеткізу арқылы Қазақстанның көлік-логистикалық, инфрақұрылымдық және сауда-инвестициялық әлеуетін прагматикалық іске асыруға ерекше назар аударды. Өткен жылы елдер арасындағы тауар айналымы 33%-ға артып, 4 млрд АҚШ долларын құрады.Сыртқы саяси ведомстволардың басшыла…

0
0
229