Мазмұнға өту
usergoogle106130794574359253877

Gold Press

@usergoogle106130794574359253877

Сайтта 2022 ж. 15 наурыз

Блог в котором не молчат. Самые актуальные темы Казахстана.

рейтинг

250

жазбалар

670

пікірлер

5

тіркелуші

9

жазылымдар

0

Президент: Қазақстанның ұлттық мүддесіне қарсы әрекет ететін кәсіби арандатушылар әшкереленуі керек

Белсенділер саяси партиялар мен қозғалыстар құруға ынталы екенін мәлімдеп, ішкі және сыртқы саясаттың өзекті мәселелері бойынша әртүрлі пікірлері мен көзқарастарын білдіреді. Бұл – азаматтық қоғамның жетілгенін көрсететін табиғи процесс. Дегенмен, Президенттің пікірінше, азаматтық белсенділердің барлық әрекеті, соның ішінде наразылық акциялары қолданыстағы заңнамаға және парасаттылыққа қатаң сәйкес келуі өте маңызды.

«Заңды бұзуға, заңсыз әрекеттерге баруға, соның ішінде полиция қызметкерлерінің адамдық қадір-қасиетіне, кәсіби ар-намысына қарсы бағытталған әрекеттерге баратындар заңнамамызға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қазақстанның ұлттық мүддесіне қарсы әрекет ететін кәсіби арандатушылар әшкереленуі керек», - деді Мемлекет басшысы.

Фото алынды file.liga.net

0
0
230

Шымкентте ер адам 1 миллиард теңгеге жалған шот-фактура толтырған

«Қылмысты іске асыру үшін 6 компания құрылды, олардың жалпы айналымы 2019-2021 жылдар аралығында 3 миллиард теңгеден асты, соның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы түспеген», - делінген хабарламада.

Қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жолданған.

0
0
309

Головкин - Канело жекпе-жегі өтетін орын белгілі болды

Бұл туралы бокс кешін өткізуге жауапты Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы ресми мәлімдеді.

Еске салайық, екі мықты арасындағы үшінші айқас 17 қыркүйекке жоспарланған.Осыған дейінгі екі кездесу де дәл осы аренада өткен болатын. Алғашқы жекпе-жек тең есеппен аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті мексикалық былғары қолғап шеберіне берген еді.

Фото алынды sports.kz

0
0
206

Нұр-Сұлтанда екі күнге созылған өрттің себебі аталды

«Кеше сағат 18:53-те өрт ауыздықталып, бүгін сағат 05:55-те толығымен жойылды. Өрт шығуының алдын ала себебі - отты абайсыз қолдану болуы мүмкін (аз калориялы от көзі). Өртті сөндіруге 86 қызметкер мен 14 техника жұмылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 20 маусымда сағат 15-03-те «101» пультіне Есіл ауданының Қорғалжын тас жолының бойында қураған шөптің өртенгені туралы хабарлама түскен. Қамыс пен қураған шөп жанды. Елордалық өртсөндірушілер қызыл жалынмен екі тәулік бойы арпалысты. Өрт ошағына ТЖМ-нің МИ-8 тікұшағымен 27 рет су шашылды (81 тонна).

0
0
230

«Пәтер сатып алған». Ақтөбелік мекеменің бас есепшісі сотталды

Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырып, пәтері мен тоңазытқышын тәркілеген.Басылым мәліметінше, 2015 жылы Алға қаласының тұрғыны Светлана Н. «Алға тазалық» коммуналды кәсіпорнында бас есепші болып жұмыс істеген. Ал 2016 жылы компанияның ақшасын жымқырғаны үшін екі рет сотталған. Үкімдердің бірінде ол «Алға тазалық» мекемесінде жұмыс істемейтін екі тұрғынға зейнетақы мен әлеуметтік төлем аударғаны айтылған. Екі қылмыстық іс бойынша ол шартты түрде бас бостандығынан айырылған.Осылайша, қаржылық қылмысы үшін екі рет сотталған ол 2018 жылы «Неохим» ЖШС мекемесіне бас есепші болып қайта жұмысқа орналасқан. Ол жүктілігіне байланысты демалысқа шыққан соң серіктестік тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 64 миллионнан аса қаражат жетпейтіні анықталған. Ал содан кейін тергеу барысында бас есепші серікт…

0
0
586

Рахмонов пен Морозовтың UFC-дегі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

UFC Apex аренасында өтетін шара астана уақыты бойынша 05:00-де басталады. Қазіргі уақытта 12 жекпе-жек жоспарланған.Сергей Морозов төртінші болып бразилиялық Раулиан Пайвамен (21-4) жұдырықтасады. Олардың жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 6:30-да басталады.Келесі болып сағат 7:00 шамасында Қытайдан келген этникалық қазақ Сайран Нұрданбек (37-10) АҚШ-тан келген Ти Джей Браунмен (16-8) кездеседі.Жекпе-жекті «Матч! Боец» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар, жекпе-жектерді UFC Fight Pass жазылымы арқылы көруге болады.Шавкат Рахмонов америкалық Нил Мэгнимен (26-8) кездеседі. Олардың жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:00-де басталады.Рахмоновтың жекпе-жегін Setanta Sports 1 және «Матч ТВ» арналарынан, сондай-ақ UFC Fight Pass жазылымынан көруге болады.Ф…

0
0
247

ІІМ: 30 граната атқыш әлі де қылмыскерлердің қолында

«Бүгінде қылмыскерлердің қолында көп қару-жарақ қалып отыр, бұл ұрланған қарудың 2 мыңнан астам данасы, оның ішінде 30 граната атқыш, 2 пулемет, 122 автомат және 379 тапанша бар. Бұл елеулі қауіп төндіреді, өйткені қылмыскерлер оны кез келген уақытта бейбіт тұрғындарға қарсы қолдана алады», - деп хабарлады ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов ОКҚ брифингінде.

Әділовтің айтуынша, бүгінде полицейлер 1 626 қаруды - 10 граната атқыш, 6 пулемет, 160 автомат, 113 дана ойық қару, 361 тапанша мен 253 граната, сондай-ақ 41,1 мыңнан астам оқ-дәріні тауып, тәркілеген.

0
0
231

Тоқаев: Тілге құрметімізді құр сөзбен емес, нақты іспен көрсетуіміз керек

«Қазақ мемлекеті аман тұрғанда, қазақ тілі жасай береді. Бұған ешқандай күмән болмауы керек. Біздің елде ұлтына, тіліне бола ешбір азаматтың құқы шектелмеуге тиіс. Әйтпесе, қоғамда жанжал тууы мүмкін. Ел ішіне іріткі түскенін қалайтындар осыны тілеп отыр. Сондықтан, тіл мәселесі бойынша бәріміз ұстамдылық танытуымыз керек деп ойлаймын. Бұл сырт көзге ұлтымыздың өз болашағына деген сенімсіздігі, тіпті, әлсіздігі сияқты көрінеді», - деді ПрезидентҰлттық құрылтай отырысында.Мемлекет басшысының айтуынша, «баршамыз тілге құрметімізді құр сөзбен емес, нақты іспен көрсетуіміз керек».«Мемлекеттік рәміздерімізге, ана тілімізге деген құрмет әрқашан жоғары болуға тиіс. Қазақ тіліне қатысты алаңдаушылық елдегі жағдайды дұрыс түсінбегеннен туындап отыр. Шын мәнінде, бұрынғы ахуал мен қазіргі кезеңді м…

0
0
254

Шығыс Қазақстан облысында тепловоз әйелді қағып кетті

Телеарна мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мамандар жазатайым оқиға болды ма, әлде әйел өз-өзіне қол жұмсады ма соны тексеріп жатыр.

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігімен «Өскемен-1» стансасындағы желілік полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жариялануға жатпайды», - деді ШҚО көлік полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

0
0
320

Түркістан облысында жантүршігерлік жағдай болды

Басылым мәліметінше, Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық некедегі әйелін қызғаныштан өлтірген 41 жастағы ер адамға үкім шығарған.

Қайғылы оқиға Сауран ауданының Қаражон ауылында болған. Тергеу материалдарына сәйкес, әйел 34 жаста болған. Оның азаматтық некедегі күйеуі басына 16 калибрлі мылтықтан оқ атқан. Әйел оқиға орнында қаза тапқан.

Сотта ол әйелді өлтіргісі келмегенін, тек қорқытқысы келгенін айтқан. Алайда 2, 15 және 16 жастағы үш бала анасыз қалды.

Ер адам 18 жылға ең жоғары қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді. Үкім заңды күшіне енген.

0
0
298