Мазмұнға өту
Обложка сообщества Общество

2020 жылдың 8-ші қараша күні БПҰ мүшелерінің қатысуымен жиын өткізілді.

Жиында екі мәселе талқыланды.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауының жүзеге асырылуы туралы;

2. «Nur Otan» партиясы «Ақжар» бастауыш партия ұйымынан аумақтық филиалының ХХІІ конференциясына делегаттар сайлау.

Жиында сөз алған «Ақжар» БПҰ-ның төрағасы, Ақжар ауылдық округінің әкімі Е.Жапарғалиев:

Баршаңызға белгілі, 11-ші қыркүйек күні Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдау–Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айқындаған стратегиялық бағыттарының негізінде еліміздің өмір сүру сапасын арттыруға ықпалын тигізетін болады. Жолдауда Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында белгіленген ұсыныстары мен бастамалары жалғасын тауып, қоғамның дамуы үшін алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарға нақты бағыт-бағдар көрсетілді. Ендігі біздің міндет – Президентіміз алға қойған тапсырмаларды жүзеге асыру деді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған «Ақжар» БПҰ-ның мүшесі, Ақжар орта мектебінің директоры Р.Мендыбаева: «Ақжар» БПҰ аумақтық филиалының ХХІІ конференциясына делегаттар болып «Ақжар» бастауыш партия ұйымынан төмендегі адамдар ұсынылса деймін:

1. Е.Жапарғалиев - «Ақжар» ауылдық округінің әкімі, БПҰ төрағасы

2. Е.Биекбаев - «Теректі» ауылдық округінің әкімі, БПҰ төрағасы.

3. А.Кириченко - <<Теректі >> БПҰ мүшесі, Теректі ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы.

Кездесуді қорытындылай келе,

ЖИЫН ШЕШІМІ:

1) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “ Жаңа жағдайдағы қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Жолдауының жүзеге асырылуы туралы «Ақжар» ауылдық округінің әкімі, БПҰ төрағасы Е.Жапарғалиев баяндамасы назарға алынсын;

2) «Nur Otan» партиясы «Ақжар» бастауыш партия ұйымынан аумақтық филиалының ХХІІ конференциясына төмендегі азаматтар делегат болып сайлансын:

1. Е.Жапарғалиев - «Ақжар» ауылдық округінің әкімі, БПҰ төрағасы;

2. Е.Биекбаев - «Теректі» ауылдық округінің әкімі, БПҰ төрағасы.

3. А.Кириченко - <<Теректі >> БПҰ мүшесі, Теректі ауылдық округі әкімшілінің бас маманы

📷

📷

📷

5Газиз Аманжолулы, Бескөл Бастауыш Партия Ұйымы и ещё 3

0
0
247

Осы тақырып бойынша