31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Бүгін ХХ ғасырдың 30 – жылдарында қазақ халқын мұңға бөлеп, зор қайғы әкелген саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Бүгін жазықсыз жапа шегіп, егемен ел боламыз деп еркіндікке ұмтылған ерлерді еске алатын күн.
Отандастарымыз зұлмат жылдардың құрбандарын еш уақытта естен шығармағаны жөн.
Осы орайда бүгін «АМАNАТ» партиясы Сырым аудандық филиалы мен «Жас туристер станциясы» КММ қызметкерлері өз жұмысын саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздікпен бастап, филиал төрағасы бұл датаның маңыздылығына тоқталып өтті.
#AMANAT



