Мазмұнға өту
Обложка сообщества Общество

Ғаламшар мен жануарларды сақтай отырып, біз өзімізді сақтаймыз

Менің есімі Алдияр, жасым тоғызда. Нұр-Сұлтан қаласы #72 мектеп-лицейінің төртінші сынып оқушысымын.

Кішкентайымнан ғарыш пен ғаламшар қызықтыратын, зымыран құрастырып, адамдарға жаңа үй табуды армандайтынмын. Астрономияны зерттей, мен National Geographic телеарнасында танымдық роликтерді көретінмін. Бір күні Тынық мұхитындағы қоқыстар аралы туралы бағдарламаны көріп қалдым. Сол қоқыстардан жануарлар қырылып жатты.

Бағдарлама маған үлкен әсер қалдырды. Басқа ғаламшарларды зерттегенмен не пайда, егер өз әлемімізді сақтай алмасақ.

Мен анамнан әлемімізді одан да тазалықта ұстап, жануарлар өлмеуі үшін не істей аламын деп сұрадым. Сонда анам қоқыстарды сұрыптап, пластикті аз қолдануды ұсынды.

Бірінші сыныпта маған табиғаттану сабағы бойынша жоба дайындауды ұсынды. Тақырыпты өзіміз таңдадық. Жоба мектептегі басқа балаларды ағарту үшін қажет болды. Сондықтан, мен «қоқыстарды сұрыптау мен оны өңдеу» тақырыбын таңдап, оны іс жүзінде көрсеткім келді. Сонымен қоса, сыныптастарым үшін балалық шақтан қоқысты сұрыптау мәдениетін ұялату үшін арнайы ұсыныстарымды жасадым.

Осы жобамен мектепте, астаналық білім көрмесінде, ал осы жылы Бүкілресейлік V «Ғылым қырлары-2020» жобалық-зерттеу жұмыстарының байқауына қашықтықтан қатысып, үшінші орынға ие болдым.

Біздің мектепте өңделетін қоқыстар үшін арнайы жәшіктер орналастырылған. Мен сыныптастарыма үстел ойыны мысалында қоқысты қалай дұрыс сұрыптау керек екендігін көрсетемін. Сонымен қатар, қоқысты қайта қолдану үшін әртүрлі бұйымдарды қолдан жасаймыз.

Үйде де қоқыстарды сұрыптаймыз: пластик және майда өңделетін қоқыстарды сары жәшіктерге, ал қағаздарды жинап, қоқыс қабылдайтын орындарға тапсырамын. Одан түскен ақшаны үйі жоқ жануарларды асырайтын орындарға беремін.

Мен жануарларға көмектесіп, біздің еліміз бен әлемімізді қорғау қажет деп ойлаймын. Мен таза Қазақстанда өмір сүргім келеді!

Мен тек жануарлар мен табиғатқа ғана көмектесіп қоймай, осында өмір сүріп жатқан және өмір сүретін адамдарға көмектесудемін. Егер біз экологияны қорғай білсек, адамдар аз ауырып, ұзақ өмір сүретін болады. Себебі, адамдар мен жануарлар бір бүтін болып саналады.

Еске сала кетейік, сұхбат Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылатын «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» әлеуметтік жобасы үшін дайындалды.

0
0
630

Осы тақырып бойынша

Ғаламшар мен жануарларды сақтай отырып, біз өзімізді сақтаймыз - Yvision.kz