Қауынның құрамындағы пайдалы дәрумендер
Қауынның дәмінен бөлек, оның адам денсаулығына пайдалы тұсатры көп. Оның құрамында аскорбин қышқылы ,калий ,натрий ,фруктоза секілді дәрумендері бар. В дәрумені қант пен көмірсуларды өндіріп, бойыңызға қуат береді. Тарихқа сыр шертетін болсақ, қауынның отаны-көне Мысыр. Ежелгі заманда Египеттегі Ніл өзенінде қауынның алуан түрлі сұрыптары өсірілген. Соның нәтижесінде қауын бар әлемге таралып,адамзат оның жемісін көре бастады. Қауын -ыстыққа төзімді,күн көзін жақсы көретін өсімдік. Құрамындағы фолий қышқылы ,-анимияға таптырмас ем. Қауын- төмен калориялы жеміс түрі . Оның 500 грамм 30 калория. Демек қауынды тұтыну арқылы салмақтан арылуға болады. Артық салмақтан арылғысы келетін адамдарға қауынды тұтынуға кеңес беремін! Қауынның шырынын , ішек құрттарына қарсы ем ретінде пайдалануға болады. Адамның бойына кері әсер алып келетін яғни: бүйрек , ішек , және жүрек қан-тамырларына минералдар асқазанда туындайтын аурудларды жойып,қышқылдық ортаны реттейді.
Қауынды қыс мезгілінде сақтау үшін қолданатын көнеден қалған технология
Қазіргі таңда өзбекстан қауынның 400-ден астам сұрпын өсіреді. Қауынның көктем мезгіліне дейін сақталуының сыры-қауынханада . Ұзақ мезгілде сақтау үшін ең алдымен кеш піскен қауынды таңдап, кейін оларды көлемімен жетілуіне қарай іріктеп, қамыстан өрілген арнайы торға салып, ал кейін қауынханадағы бөренелерге іліп қояды. Маманның айтуынша “Қауынхана саздан қашалғандықтан, бір температурада ұзақ мезгіл бойы қауында сақтап тұра алады”Өзбекстанда қауынды қыз мезгіліне сақтау үшін, ғасырға жуық технологияны қолдану арқылы осылайша қауынды жыл бойы тұтына алады. Жас келе адамдарда қартаю барысында терінің сұлулығы,шаш түсу,көздің нашарлауына алып келеді. Ал қауынды тұтыну арқылы құрамындағы дәрумендер терінің саулығын қамтамасыз етіп, қауынының қабығын қолдану арқылы қартаюдың алдын алуға болады.

Денсаулықты қазірден бастап күтіп,бойымызға қажет жеміс-жидектерді тұтынып,дәрумендерді сіңіруіміз қажет.Дұрыс әрі толық түрде тамақтанып,уақытылы медициналық бақылаудан өтіп, жемістерді жиі тұтынуға кеңес беремін!
Алматы қаласы
№40 Жалпы білім беретін мектептің
11 “Ә” сынып оқушысы
Жамбулова Айым
